» » мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны

мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны

4 маусым – Қазақстан республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні болып белгіленгелі бұл күн еліміз үшін мерейлі датаға айналды. Елбасы 1992 жылы дәл осы күні Мемлекеттік Рәміздер туралы заңға қол қойған болатын. Сол уақыттан бері халқымыз бірлігі бекем елде тату-тәтті күн кешіп келеді. Айтулы мереке қарсаңында Жалағаш ауданында да түрлі шаралар ұйымдастырылып, рәміздеріміз кең көлемде насихатталуда.
Күні кеше таң атысымен орталық алаңда бас қосқан аудан жастары мен бірқатар мекеме, ұйым қызметкерлері, «Жасұлан», «Жас қыран» ұйымының оқушылары, оқу үздіктері, олимпиада жеңімпаздары, спортшылар мемлекеттік туымызды дәріптеп, мерекелік шеруге шықты. 200-ге жуық патриот жас Абай көшесімен орталық алаңға дейін жүріп, рәміздер алаңына жиналған қауыммен мерекені атап өтті. Айтулы шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалағаштықтарды мерекемен құттықтап, мерейлі датаның маңыздылығына тоқталды.
– Көшпелі ата-бабала­ры­мыздың шежіресіне үңілсеңіз әрбір тайпаның, әрбір рудың таң­басы мен ұраны болғанын көресіз. Бұл дәстүр сан ғасыр­лардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бүгінге жетіп отыр. Біздің рәміздеріміз қазақ деген халықтың бейбітшілік сүйгіш дархан пейілін, досына деген адал көңілін бейнелеуі қажет болатын. Қазақ халқының осындай болмыс-бітімі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі қабылданған Мемлекеттік Рәміз­дерімізден көрініс тапты. Мемлекеттік рәміздер – біздің елдігіміздің бейнесі. Сондай-ақ, ұлттық бірегейліктің қа­лыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттік рәміздер – мәдениетіміз, тарихымыз бен менталитетіміздің көркем туындысы. Еліміздің азаматтарының рәміздерге деген қарым-қатынасы, олардың қаншалықты деңгейде өздерін осы елдің азаматы санайтындықтарының және болашаққа сенімінің, отансүйгіштіктің көрсеткіші іспеттес.
Бұл мереке бізге үлкен міндеттер жүктейді. Ол міндет кейінгі жастарымызды, жеткіншектерімізді ел үшін еңбек етуге, Отанды сүюге тәрбиелеу, ме­млекеттік құндылықтарға құр­метпен қарауды қалып­тас­­­­­тырады. Еліміздің әр азама­ты Қазақстанның Туын, Ел­таң­­басын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, кө­­­гімізде қыран самғап, көк Туы­­­мыз асқақтай берсін! Мереке баршаңызға құтты болсын, – деді аудан басшысы.
Шара соңы аудандық Қ.Қазан­таев атындағы мәдениет үйінің «Арай» халықтық мә­дени-үгіт тобының концерттік бағдарламасына ұласты.

«ЖЖ» ақпарат.

05 маусым 2018 ж. 1 811 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930