» » АЛҒАШҚЫ АСТАНАДАН АЙРЫҚША ТАРТУ

АЛҒАШҚЫ АСТАНАДАН АЙРЫҚША ТАРТУ


Кеше Астанада  Қызылорда облысының елордаға тартуы – зымыран-ғарыш техникасы музейінің ашық экспозициясының таныс­тырылымы өтті. Жаңа музейдің таныстырылымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Қазақстан Президенті экспозиция аума­ғында Қызылорда облысының жұртшылық өкілдерімен әңгімелесті. Елбасыға ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің мүмкіндіктері таныстырылды.
Мемлекет басшысы ғылым мен жаңа тех­нологияларды дамыту ісіндегі ғарыш өнеркәсібінің маңыздылығын атап өтті.
– Менің тапсырмам бойынша француз тарапымен бірлесіп жасанды жерсерігін құрастыратын зауытты іске қостық.   Жуырда өзіміздің жерсеріктерімізді құрастыруға кірісеміз. Бізде зымыран ұшыратын құ­рылғы бар,  2022 жылға қарай «Зенит» зы­мыраны дайын болады. Осылайша, ғарыш өнеркәсібіміз жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп, Қазақстан толыққанды ғарыш державасына айналатын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ғарыш орталығының аумағында орна­ласқан музейге дәл өлшемде жасалған «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран-тасы­ғыштары орнатылды, жақын арада «Бо­ран» орбитааралық кемесінің макеті қойылады, экспозиция маңындағы аймақ абаттандырылды.
Сондай-ақ, кешен аумағында зымы­рандардың техникалық сипаттамасы, жа­салуы және пайдалану тарихы туралы бар­лық мәліметтер көрсетілген арнайы ақпараттық стендтер қойылды.
Ашық аспан астындағы музейдегі та­нымал макеттер жөнінде айта кетсек, «Союз» – «Королевтің жетілігі» деп аталып кеткен Р-7 жинақтамасының ең танымал зымыраны.
Ал, «Протон» – автоматты ғарыш ап­параттарын Жер шарының орбитасы мен әрі қарай ғарыш кеңістігіне шығаруға арналған ауыр санатты біржолғы зымыран-тасығыш. «Протон» зымыран тасығышы барлық кеңестік және ресейлік орбиталық станция мен «Мир» станциясының модульдері және халықаралық ғарыш станцияларын шығару құралы. Оның көмегімен «Глонасс» жерсеріктік жүйе кеңейтіліп, «Экспресс» сериялы жерсеріктер ұшырылады. 
«Зенит»  – негізгі орта санатты, екі сатылы зымыран тасығыш. Алғашқы ұшырылымы 1985 жылдың 13 сәуірінде жүзеге асы­рылды. «Зенит» – толығымен ав­то­маттандырылған және ұшы­ры­лым құралында персоналдың болуын қажет етпейтін алғашқы әрі жалғыз әмбебап кешен. Бұл зымыранды тіпті 80-90 жылдары «21 ғасырдың ракетасы» деп атайтын.
«Зенит» ұшырылым кешені­нің негізінде «Бәйтерек» ресей-қазақстандық бірлескен жоба жүзеге асырылатын болады деп жоспарлануда.
«Боран» – «Энергия-Боран» бағ­дарламасының аясында жа­сап шығарылған көпмәртелік ор­битальді ғарыш кемесі. «Энергия-Боран» халықаралық ғарыш станциясын жасау кеңес дәуіріндегі ең ауқымды бағ­дарлама болатын. 18 жыл ішінде ғарыш станциясын 86 министрлік пен ведомство жа­нын­дағы 1286 кәсіпорынның мил­лионнан астам қызметкері  әзірледі, мемлекеттің ең ірі ғылыми-өндірістік орталықтары осы жұмысқа тартылған. «Боран» космопланын қондыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағында күшейтілген ұшырылу-қону жо­­лағы бар «Юбилейный» аэро­дромы арнайы салынды.
Жобаны жүзеге асырудың екінші кезеңінде Қорғаныс жә­не аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігі музей мен плане­тарийдің құрылысын салуды жоспарлап отыр
 
***
Осы күні Мемлекет басшысы жаңадан ашылған «Almaty balabaqshasy» балабақшасына барды.
Қазақстан Президенті Астана қаласының сол жағалауында ор­на­­ласқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көр­­ді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамы­тып, олардың демалысын ұйым­дастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.
Мемлекет басшысы елор­даның жаңа нысандарымен та­­нысу барысында Астана қа­ла­­сының сол жағалауында орна­ласқан ботаникалық баққа барды.
Қазақстан Президенті «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының өкілдерімен әңгімелесіп, бас қаланы және бүкіл Қазақстанды көгалдандыру үшін жүргізілген жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев бота­ни­калық бақтың орта­сында ор­наласқан оранжереяны ара­лап көріп, оны отандық және халықаралық маман­дан­дырыл­ған институттардың ғылы­ми әлеуетін пайдалана отырып әрі қарай дамыту қажеттігін айтты.
Таныстырылым рәсімі ке­зінде Мемлекет басшысы елор­даның көшірілу тарихы мен жаңа астананы салудың негізгі кезеңдері жөнінде айтты.
– Астана төңірегінде орман өспейді деп үнемі айтылатын. Бірақ, бүгінде мұндағы 83 мың гектар жерге отырғызылған ағаштардың биіктігі 20-25 метр­ге дейін жетті. Жыл сайын ор­ман алқабының аумағы 5 мың гектарға ұлғайып келеді. Осы орманды «Шортанды-Бурабай саяжай аймағымен» қосқымыз келеді, – деді Президент.
Бақ аумағында велосипед жолы, жүгіруге арналған жолақ, спорттық жабынды, жаяу жүргіншілерге арналған көпір және жасанды су қоймасы бар. Көгалдандыру аумағының жал­пы көлемі 613 мың шаршы метрден асады. Мұнда  Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдерінен әкелінген алуан түрлі бұталы өсімдіктер мен ағаштар бар.




http://www.syrboyi.kz

03 шілде 2018 ж. 635 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930