БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Кеше Қызылорда облысының жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен келді. Басқарма басшысы жұмыс сапары барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмахановпен кездесіп, аудандағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысында әңгімелесті. Сонымен қатар "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жұмысымен танысып, жастар ұйымдары мен жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілерімен кездесу өткізіп, жас көшбасшылармен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады. Жаңалықтар 12 шілде 2018 ж. 925 0