» » Назарбаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Назарбаев Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

© akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті Өзбекстан Президентіне зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тіледі.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ Орталық Азиядағы кооперациялық байланыстардың кеңейе түскенін ерекше атап өтті.


tengrinews.kz
24 шілде 2018 ж. 747 0