» » 2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі шықты


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.


Биылғы жылы білім беру гранттары иегерлерінің тізімі электронды нұсқада жарияланды. Мемлекеттік грантты иеленіп, ЖОО-на түскендердің толық тізімін осы жерден көре аласыздар.
Сондай-ақ, тізімді egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттары немесе @testcenterBot телеграм боты арқылы көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант,  магистрлерді даярлауға 12 504 грант және PhD докторларын даярлау үшін 2 240 грант бөлінді.
Айта кетейік, биыл мемлекет есебінен техникалық мамандықтарға көп грант бөлінген. Сондай-ақ, білім беру гранттарының саны бойынша денсаулық сақтау саласына (2500), жаратылыстану ғылымдарына (3,161), ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылығы ғылымдарына(2 мыңға жуық), әлеуметтік ғылымдарға(1,495) , «Гуманитарлық ғылымдарға» (1 355) орын бөлініп отыр.


Stan.kz
06 тамыз 2018 ж. 1 234 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30