» » Қазақстанда білім гранты қандай мамандықтарға көп бөлінген

Қазақстанда білім гранты қандай мамандықтарға көп бөлінген


ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында гранттар тағайындалған мамандықтардың тізімін жариялады.

Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
2018-2019 оқу жылында жоғары білімді мамандарды даярлауға 53 584 грант, магистранттарды даярлауға 12 504 грант және PhD докторларын дайындауға 2240 грант бөлінді.
Мемлекет ең көп орынды техникалық мамандар мен мұғалімдер үшін бөлуде. «Инжиниринг және технология» бағыты бойынша алты мыңға жуық гранттар, «Білім беру» үшін 8 мыңнан астам грант бөлінген.
Сондай-ақ, білім беру гранттарының саны бойынша денсаулық сақтау саласына (2500), жаратылыстану ғылымдарына (3,161), ауыл шаруашылығы және ауылшаруашылығы ғылымдарына(2 мыңға жуық), әлеуметтік ғылымдарға(1,495) , «Гуманитарлық ғылымдарға» (1 355) орын бөлініп отыр.


http://stan.kz
07 маусым 2018 ж. 1 156 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31