» » » Бастаманың басым бағыты - білім

Бастаманың басым бағыты - білім


Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызды бар қасиет. Соның ішінде елімізде ерекше орын алып, қазіргі таңда жаңа бастау алып жатқан білім саласы екені анық. Біз бүгінгі жаңа атауды ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.Ал табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымызда басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететініне сенімім мол.
Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Парламенті палаталарының біріккен отырысындағы «5 әлеуметтік бастама» атты үндеуінде әдеттегідей білім саласына да ерекше көңіл бөлінген. 2018-2019 оқу жылында жастардың білім алуына бөлінетін 20 мың грант пен 2022 соңына дейін салынатын 75 мың орынды жатақхана мәселесі білімді жас ұрпақтың жаңа легі жастарға үлкен серпін беретіні анық.



Айдос БОЛАТҰЛЫ,
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-ның қызметкері.
16 наурыз 2018 ж. 944 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930