» » » Әлеуметтік бастамалар – ел дамуының кепілі

Әлеуметтік бастамалар – ел дамуының кепілі

Жаңалық пен жаңашылдықтың белгісі, жыл басы көктемнің алғашқы күндерімен бірге Ел Президенті Н.Назарбаев тарихи үндеуін жариялап, халықтың жүрегіне ерекше сенім ұялатты. Ерім дейтін елдіктің нышанындай жастардың жүректеріне қуаныш әкелді. Бұл – жақында ғана халыққа жол тартқан «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы».
Президент өз сөзінде: «Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын», – деді. Бұл сөзінен жастарға ертеңіне сенуге, қамқорлықты, қолдауды еш кедергісіз қолдануға үндегенін түсінеміз. Елбасы айтқандай, бұл ұсыныстардың барлығы жан-жақты талданып, елеп-екшеп, есеп-қисабы түгелденген бағдарламалар. Яғни, біз – қазақстандықтар әлеуметтік жаңғыру жолында жаңа, ауқымды қадам жасауға дайынбыз деген сөз.
Ел Президентінің екінші бастамасы – «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Яғни, бұл төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайту арқылы әлеуметтік жағдайды біршама көтеруді қолға алу қажеттігін көздейді. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуіндегі үшінші бастама — жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту. Әлбетте, еліміз бәсекеге қабілетті мемлекет болуы үшін халықаралық стандартқа сәйкес келетін маман даярлауы басты назардағы мәселе. Осы ретте, Президент жыл сайынғы бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 жылдары қосымша 20 мың грант бөлінуі керектігін айтты. Осы арқылы жастарға қолдау көрсетіп, қоғамға пайдалы азаматтардың қатарын көбейтуді жолға қойып отыр деп санаймын. Сапалы білім алған әрбір жас маман елдің ертеңі, бәсекеге қабілетті мемлекеттің негізін қалаушы. Игі бастама алдағы уақытта білім алушылардың жолындағы кедергілерді жойып, жатақхана тапшылығын азайтады деп ойлаймын.


Тұраржан ӘКІМБАЙ,
аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері.
07 наурыз 2018 ж. 1 027 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031