» » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛГЕН ТАМАША МҮМКІНДІК

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛГЕН ТАМАША МҮМКІНДІК


Кеше Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі мен үшін күтпеген жаңалық болды әрі үлкен қуаныш сыйлады.

Біріншіден, бұл бастама Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жасалды, яғни көктем мерекесі қазақстандықтар үшін жағымды жаңалықтармен басталды.
Екіншіден, көтерілген 5 мәселе де халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған. Осынысымен де құнды.
Кәсіпкерлік саласына қатысты Елбасының шағын несие беруді көбейту туралы тапсырмасы іспен айналысам деген азаматтарға болашағы үшін сенім ұялатады деп нық айта аламын.
Біздің өңіріміз үшін бұл екі есе қуанышты жаңалық. Себебі, 2018 жыл Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша облыста 1600 адамды оқыту көзделуде. Мұнан өзге, «Бизнес кеңесші» курсы аясында ең кемі 800 қызылордалық біліктілігін жетілдіретін болады.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікпен айналысам деген азаматтар үшін жобасын қаржыландыруға бөлінетін қаржының артатындығын жеткізді. Бұл – біз үшін қуанышты жаңалық.  

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

06 наурыз 2018 ж. 1 025 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30