» » Ауыл кәсіпкерлеріне онлайн-кеңес беріледі

Ауыл кәсіпкерлеріне онлайн-кеңес беріледі

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.«Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған Цифрландыру бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП-сы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының форматын тұтастай өзгерту үшін ұсыныс дайындауда. Нәтижесінде келесі жылдан бастап кәсіпкерлер онлайн қызмет алатын болады», - деген Палата басшысы облыстағы жаңашылдықпен де бөлісіп өтті.
«Осы жерде айта кететін және бір жайт. Кәсіппен айналыссам,үйренсем,білсем дейтін ауыл азаматтарының қатары артты. Дегенмен, барлығының бірдей аудан немесе облыс орталығына келіп, біздің қызметке жүгінуге мүмкіндігі бола бермейді. Енді азаматтардың өз ауылынан шықпай-ақ, ауылдық округ әкімінің кабинетінен біздің кеңесшілерімізбен скайп жүйесі арқылы қосылып, онлайн-кеңес алуға жағдай жасайтын боламыз», - деді.
Мұнан өзге, Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруді де жоспарлап отыр.  
Бұл туралы Ғалымбек Жақсылықов: «Оқытуға қатысты және бір мәселе, бүгінде елімізде кәсіпкерлік саласы бойынша басқарушы кадрлардың дайындық және даму деңгейі өз дәрежесінде емес. Қазіргі жылдам өзгерістер жағдайында заманауи басшыдан стратегиялық ойлау және стандартты емес шешімдер қабылдау талап етіледі. Бүгінде мұндай талаптар тек үлкен қалалардың басшыларына ғана емес, шалғай, ауылдық жерлердегі басшыларға да қолданылуда. Жоғарыда айтылған мәселені шешу үшін облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына бірлесіп, жоғары және орта буын менеджерлеріне, яғни мемлекеттік қызметкерлер және де облыс кәсіпкерлері арасындағы кәсіби басқарушыларға арналған оқуларды ұйымдастыруды ұсындық. Ол үшін осы жоба аясында оқуға қатысқан мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлерге жоғары дәрежедегі білім беру ұйымдарынан шақырылған кәсіби бизнес-тренерлер теориялық және практикалық дәрістер өткізетін болады. Бүгінде бұл жобаның ұйымдастырушылық кезеңі аяқталып, оқу процесін бастауға дайындық жүріп жатыр», - деді.

Қызылорда облысы
 кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі  
13 ақпан 2018 ж. 945 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930