Білім және спорт

Осы мақсатта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаңа «5 әлеуметтік бастама» атты Қазақстан халқына оның ішінде жастарға арналған үндеуіндегі басты бағыттары, жастардың білімінің өркениетті, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан елдердің білім деңгейіне жету басты мақсат болып табылады. Елбасының осы үндеуіндегі бес бастамаға оның ішінде білімге бөлінетін 20 мың гранттың ішінде, әрине спорт саласына бөлген гранттар бар деп айтуға болады, яғни сол оқу орындарының ішінде еліміздің спорттық деңгейіне де өсіп-өркендеуіне мол әсері мен ықпалы тиетіні белгілі.
Сонымен қатар үндеудегі бағыттарда қамтылған ауқымды жұмыстардың деңгейі жастар болғандықтан, жастардың отбасы құруын, отбасылы жастарға тұрғын үйлер «7 – 20 - 25» бағдарламасы, студенттерге үстіміздегі жылдың соңына дейін салынатын 22 мың жатақханалар, олардың ауылға қаралатын жеңілдіктердің қарастырылуын еліміздегі жастардың дамуына аса көңіл бөлініп, толық жағдай жасалып отырғандығын білдіреді.
Асылбек ӘБІЛКАНОВ,
"Наркескен" спорт клубы.