ЖАҢА ДӘУІРДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ИГЕРУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Бәрімізге белгілі, бүгінгі күннің басты талабы – білім мен бәсекелестік. Адам баласының болашағы мен кемелденуі білім дәрежесімен өлшенсе, заманауи технологияларды меңгеру, ғылым саласында жетістікке жету және жаңалықтардан хабардар болу өзара бәсекелестік тудырады. Бүгінгі таңда дүниежүзі революциялық дамуды бастан кешіріп жатыр. Сол себепті, бүкіл қоғам, болашақ ұрпақ алдында сапалы даму үрдісі тұр. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру. Міне, Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауындағы он бағыттың маңыздылығы да осында.
Жолдауда айтылған цифрлы технология бүгінде дамыған елдерде өмірдің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Қашықтықтан білім алу, электронды кітап оқу, үйден шықпай-ақ тауарға тапсырыс беру, тағысын тағылар мұның бәрі – цифрлы экономиканы дамытудың алтын кілті десе де болады. Біз дамушы ел болғандықтан, дамыған елдердің үрдістері мен даму жолындағы іс-тәжірибелерін алып, өз мүмкіндігімізге қарай тұтынамыз. Цифрландырудың алғашқы баспалдағы Қазақстанда да бастау алды. Яғни, биылғы жылдан бастап жаңа босанған аналар балаларының туу туралы куәлігін смс арқылы рәсімдеп, үйде отырып құжатқа қол жеткізіп жатыр. Сондай-ақ, үкімет цифрландыруға барынша басымдық беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қызметтер мен стандарттарды «электронды үкімет» порталына енгізген. Бүгінде «электронды үкімет» порталында азаматтарға 436 онлайн қызмет пен сервистер қолжетімді, оның 50-ден астам түрін мобильдік қосымша арқылы алуға болады.
Айта кетейік, «Электрондық үкіметті» құру идеясын Қазақстанда алғаш рет ел Президенті Н.Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерді. «Электрондық үкіметті» Қазақстанға ендіру мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мерзімдерін қысқартуға, әртүрлі мемлекеттік базаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді де оңтайлы мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған. Сол сияқты, болашақта «ақылды» технологияларды енгізіп, еңбек өнімділігін арттыру да күн тәртібіндегі мәселе болмақ. Айталық, осы «ақылды» технологиялардың көмегімен агроөнеркәсіпті қарқынды дамытудың барлық мүмкіндіктері бар. Бұлай дейтініміз, қазір ауыл шаруашылығын дамытуға, ауылды жерлердегі өмір сүру сапасын жақсартып, халыққа жан-жақты жағдай жасауға баса мән беріліп келеді. Жеке кәсіп ашып, тың идеяның бастамашысы болғандарға мемлекет тарапынан қолдау да көп, көрсетілер көмек те аз емес. Мемлекеттің шағын және орта кәсіпке көп көңіл бөлуі қоғамдағы барлық адамды өркениетті түрде дамуға, өздігінен өмір сүру қалпын жетілдіруге ынталандыру болса керек.
Бұдан бөлек, Жолдауда білім саласына айрықша мән берілген. Алдағы уақытта мұғалім мәртебесін көтеруде біршама өзгерістер орын алады. Оның ішінде жыл басынан бері білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейту қолға алынды. Бұл үшін биыл қосымша қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Оқушыларға берілетін тапсырма азаяды, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленеді, қолданбалы ғылыми-зерттеулер біртіндеп ағылшын тіліне көшеді.
Өңірлердегі оқушылар сарайының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясаты жүргізіледі. Мұнан бөлек, 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу аяқталады. Ал, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді. Бұлар саяси салмағы бар, талғам таразысынан өткен өзгерістер деуге болады.
Жалпы, Елбасы атап көрсеткендей, біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.
Жазира НҰРМАХАНОВА,
№203 орта мектептің мұғалімі.