ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ
Өткен аптада Мырзабай ахун, Мәдениет және Ақсу ауылдық округтерінде Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауды насихаттауға арналған жиын өтті.
Басқосуға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Ерәлі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сазгер, аналар кеңесінің мүшесі Айкүміс Орынбаева, «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы Гүләйім Мәлік, аудандық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Айдос Қожамұратов және ауыл тұрғындары, батыр аналар қатысты.
Елбасының биылғы Жолдауында әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең де қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқаны айтылған. Болашақты бағдарлаған құжатта ел дамуына серпін беретін он міндет көрсетілген.
– Бәрімізге белгілі, бүгінгі күннің басты талабы – білім мен бәсекелестік. Адам баласының болашағы мен кемелденуі білім дәрежесімен өлшенсе, заманауи технологияларды меңгеру, ғылым саласында жетістікке жету және жаңалықтардан хабардар болу өзара бәсекелестік тудырады. Бүгінгі таңда дүниежүзі революциялық дамуды бастан кешіріп жатыр. Сол себепті, бүкіл қоғам, болашақ ұрпақ алдында сапалы даму үрдісі тұр. Оның басты тармағының бірі – цифрландыру. Міне, Елбасы жариялаған Жолдаудағы он бағыттың маңыздылығы да осында, – деді жиында сөз алған Роза Ерәлі.
Саяси құжатта айтылған цифрлы технология бүгінде дамыған елдерде өмірдің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Қашықтықтан білім алу, электронды кітап оқу, үйден шықпай-ақ тауарға тапсырыс беру, мұның бәрі – цифрлы экономиканы дамытудың алтын кілті десе де болады.
– Цифрландырудың алғашқы баспалдағы Қазақстанда да бастау алды. Яғни, биылғы жылдан бастап жаңа босанған аналар балаларының туу туралы куәлігін «смс» арқылы рәсімдеп, үйде отырып құжатқа қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, үкімет цифрландыруға барынша басымдық беріп, мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қызметтер мен стандарттарды «электронды үкімет» порталына енгізген. Бүгінде «электронды үкімет» порталында азаматтарға 436 онлайн қызмет пен сервистер қолжетімді, оның 50-ден астам түрін мобильдік қосымша арқылы алуға болады, – деді аналар кеңесінің мүшесі Айкүміс Орынбаева. Сондай-ақ, ол Жолдауда білім саласына айрықша мән берілгенін атап өтті.
Алдағы уақытта, мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған білім саласында біршама өзгерістер болмақ. Оның ішінде жыл басынан бері білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейту қолға алынды. Сонымен қатар, категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Оқушыларға берілетін тапсырма азаяды, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленеді. Өңірлердегі оқушылар сарайының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясаты жүргізілмек. Жалпы, Елбасы атап көрсеткендей, біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Осыны айтқан ақпараттық-нәсихаттық топ өкілдері саяси құжатта көрсетілген басым бағыттарға кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, неке мәртебесін көтеруге, отбасы құндылықтарын нығайтуға қатысты ұтымды ойларын да ортаға салды.
Кездесу соңында ауылдарда отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында аналар кеңесі құрылды. Игі бастамаға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Роза Көшекбайқызы сәттілік тілеп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.