» » » ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨП


Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның  жанды бейнесі. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу-білімнің тізгінін ұстату –  мемлекет пен қоғамның міндеті. Мықты мемлекет жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен, жастардың саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салады.
Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Осы орайда ел Президентінің Бес әлеуметтік бастамасының «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы өте орынды берілген тапсырма деп ойлаймын. Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін өзгермейтін темірқазық білім мен еңбек екенін, Мәңгілік Елдің ең басты сипаттарының бірі ғылым мен білім екенін айта келе, Елбасы жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін бірнеше шараларды ұсынған. 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөлінсе, оның 11 мыңы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын технологиялық мамандықтарына тиесілі болады. 2017-2018 оқу жылында оңтүстік өңірлеріндегі түлектерге «Мәңгілік Ел жастары - индустрияға» - «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 4513 грант бөлінген, биылғы жылы бұл бағдарлама бойынша да гранттар саны көбейсе, түлектеріміздің Қазақстанның әр өңірінде жоғары білім алуына толықтай мүмкіндік бар, себебі, оларды жатақхана мәселесі толғандырмайтын болады.
Міне, бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Әрбір ата-ана өз баласының бірнеше тілді меңгерген білікті маман болғанын қалайтыны анық. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастауы – мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады. Осы орайда, ауданымыздағы мектеп ұжымдары гранттарды жеңуге үміткерлерге сапалы білім мен тәрбие беруде. 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде жүргізу жоспарланған. Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицей осы бағытта жұмыстарын бастап та кетті. Үш тілді оқыту бағдарламасын енгізу аясында 40 педагог қазіргі таңда біліктілік арттыру курстарынан өтуде.
Елбасымыз бастаған мемлекетіміздің жасаған қамқорлығын сезініп өсетін бүгінгі жас ұрпақтың  міндеті – ертеңгі мемлекеттің тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат болу.




Әбілдаева Алтынай Алдабергенқызы
Аудандық білім бөлімінің әдіскері.

16 наурыз 2018 ж. 1 660 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930