» » » БІЛІМ САПАСЫНЫҢ АРТУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

БІЛІМ САПАСЫНЫҢ АРТУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ



Елбасы жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуі халықтың әлеуетін одан әрі арттыруға бағытталған. Соның ішінде, үшінші бастама Қазақстанның білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге арналған. Атап айтқанда, биылғы оқу жылында талапкерлер үшін бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. 
Білім саласындағы Елбасының бұл бастамасы бүкіл жастарды қуантты. Әсіресе, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арналып кемінде 75 мың орынды жатақхана тұрғызылатыны ең елеулі істің бірі болғалы тұр. Өйткені қазіргі таңда студенттер арасында жатақхана мәселесі өте өзекті. Шалғай ауылдан білім қуып келген жастар қалада пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Елбасы осы жолы жастардың алаңсыз білім алуына баса назар аударып отыр.
Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде 530 мыңнан астам студент жоғары оқу орнында білім алуда. Олардың 30 пайызы ғана мемлекеттік грант есебінен оқиды. Президенттің грант санын көбейту жайлы бастамасы мектеп бітірген түлектердің сапалы білім алуына, әлеуметтік мәселені шешуге жол ашып отыр. Себебі, қазіргі таңда ауыл жастары мектепті үздік тамамдағанымен, кейбірі грантқа түсе алмай қалады. Оларды ақылы негізде оқыту да әлеуметтік мәселеге келіп тіреледі. Міне, енді грант саны ұлғайды. Бұл ең алдымен, бала оқытып отырған отбасылар үшін үлкен жеңілдік.
27 наурыз 2018 ж. 894 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930