Аяқсыз туған қазақстандық 10 жастағы бала протезбен жүруді үйреніп жатыр
Аяқсыз туған қазақстандық 10 жастағы бала протезбен жүруді үйреніп жатыр
Аяқсыз туған 10 жастағы Әли Тұрғанбеков протезбен жүруді үйреніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астаналық мектеп оқушысы Түркия мамандары таңдап берген протездермен жүруді үйреніп жатыр.
Әлидің таяуда жүре алатыны жайлы хабарды анасы Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. Қазіргі уақытта ол ұлымен бірге Түркияда жүр. "Ұлым жүруді үйреніп жатыр. Тек қуаныштан көзімізге жас келсін. (...) Ұлымыз екеуміз ұзақ уақыт құшақтасып тұрдық. "Анашым, менің бойым сенің бойыңмен бірдей болды. Тіпті Әмірден де ұзын болып тұрмын" деп қуанып жатыр Әли. Осы бақыт үшін, осы қуаныш үшін біз әлі де белестерді асыруға дайынбыз, ұлым. Сен тек өзіңе және армандарыңа сен", - дейді Әлидің анасы Ақмарал Әміреева. Анасының айтуынша, олар Түркияда әлі бір уақыт аптадай болады.
kaz.tengrinews.kz
Пікір 2