Агросектордың экспорттық әлеуеті арта түсуде
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ауыл шаруашылығы ұлттық экономиканың жаңа драйверіне айналуы керектігін айтқан болатын. Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында Үкімет агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2021 жылдардағы даму бағдарламасына өзгертулер енгізді. Алдағы бес жылда саладағы еңбек өнімділігі мен экспорт көлемін 2,5 есеге арттыру көзделуде. Бұл зор міндетті орындауға Қызылорда облысының ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер де өз үлесін қосатыны анық.
Бүгінгі таңда Сыр елі аграршылары өңірде өндіріп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің арасынан он бір түрін экспортқа шығарып отыр. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы алты айында жалпы құны 16,2 млн доллар болатын 45033,1 тонна ауылшаруашылық өнімдерін алыс және жақын шетелдерге шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 млн долларға артық.
– Экспорттық әлеуеттің және нарықтық өткізу аймағының кеңейе түсуіне агроөндірістік кешенді дамытудың өңірлік агрокартасындағы жоспарлардың жүзеге асуы тікелей әсер етуде, – дейді облыстық ауыларуашылық басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов, – соңғы үш жылда мәдени дақылдардың, көкөніс және бақшалық дақылдардың алқаптары ұлғайып отыр. Біздің облысымыз буферлік аймақтан шыққандықтан Иран, Моңғолия және Біріккен Араб Әмірлігі мемлекеттеріне тірі қойларды экспортқа жіберуге қол жеткізілді. Сонымен қатар, аймақтың басты дақылы – күріштің жаңа нарығын қалыптастыра бастадық
Қазіргі таңда Қытайға 20 мың тонна күріш жіберу туралы келісімдер жүргізілуде. Сондай-ақ Сыр маржанын Түркия мен Англияға шығару мәселесі қарастырылуда. Ирандық бизнесмендер бізден күріш сатып алу туралы шешімге келген және оның өндірісіне қаржы бөлуге дайын. Бұл жөнінде Мазандаран провинциясының басшыларымен келісілген болатын. Қармақшы ауданындағы "Ақтөбе и К" ЖШС күріштің "Таром Хошими" сортын сатып алып жатқан ирандық кәсіпкерлермен байланыс орнатқанына екінші жыл. Олар 2017 жылы күріштің осы сортын 100 гектар жерге өсірсе, биыл 300 гектар алқапқа егілді.
Ирандық кәсіпкерлермен Қазалы ауданындағы "Сыр Маржаны" ЖШС басшылығы да әріптестік қатынас орнатқан. Олар бірлесіп, заманауи ет комбинатын салуда. Онда етті бөлшектеп вакуумды қораптарға салып, сол күйінде шетелге шығарып тұратын болады.
Өзінің өнімін экспортқа шығарып отырған өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі ол, әрине Қазалы ауданындағы "РЗА" АҚ. Оның еншілес кәсіпорны "РЗА-Агро" ЖШС 2013 жылы тұқым жөнінен сертификат алған болатын. Акционерлік қоғам өнімдерінің жоғары сапалылығы менеджмент жүйесі сертификаттарымен бекітілген, бірнеше мәрте облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі көрмелер мен байқаулардың дипломы және медальдарымен атап өтілген. Мұнда өнімді еуропалық нарыққа шығаруға жұмыс істеуде. Өндірген 5 мың тонна күріштің 4 мың тоннасын Ресейге, Тәжікстанға, Түркіменстанға және Өзбекстан мен Украинаға жіберіп тұрады. Бұл елдердегі әріптестердің алдын ала төлем жасап қоюы жолға қойылған. Олар биылғы жылдың өнімі үшін де қаржы аударып қойғанын атап өту керек.
Арал және Қазалы аудандарында жылдық қуаты 17400 тоннадан асатын балық өңдейтін заманауи бірнеше зауыт жұмыс істеуде. Соның бірі – Қазалы ауданындағы «СПК Қызылорда балық» ЖШС. Бұл серіктестік 2011 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында СПК «Қызылорда» АҚ-мен бірге балық филесін шығаратын зауыт салды. Қазіргі күні 45 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорында бір күнде бес тонна балық тазаланып, 2,5 тонна көксерке филесі дайындалады. Мұнда, сондай-ақ, балық фаршын да шығару жолға қойылған, кәсіпорын жақында арнаулы еврокод алған болатын.
– Жүргізіліп жатқан жоспарлы жұмыс жергілікті өнім өндірушілерге өнім сапасын жақсартып, экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деген П.Сыздықов қызылордалық өнім өндірушілердің экспортқа шығаратын тауарлары тізімінің өсіп келе жатқаны қуантатынын жеткізді. Күріштен бөлек, біздің аймақтан көкөніс, бақшалық өнімдер, кебек, тұз, балық сыртқа жөнелтілуде. Бір кезеңдері бізде енді мүлде балық болмайтындай болып көрінген еді. Ал бүгінде шетелдіктерге 2493 тонна балық жөнелтілген. Өткен жылы Қызылорда қаласында мақсары майын өңдейтін зауыт іске қосылғанын еске сала кетелік. Ал биылдан бастап ол өзінің өнімдерін Қытайға экспорттай бастады. Еуразиялық экономикалық одақтың балық, ет, сүт өнімдерін өндіретін, өңдейтін және малды экспорттайтын экспортерлар реестрінде біздің 13 кәсіпорнымыз тіркелген. Ал ағымдағы жыл басынан бері ЕАЭО елдеріне және Қытайға экспортерлар реестріне тіркелуге 36 шаруашылық арыз берді. Жыл өткен сайын олардың қатары арта түседі деген ойдамыз. Өйткені, облыста кәсіпкерлікті қолдау жылы үш жылға ұзартылды. Осы қолдаулардың қомақты бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ауыл кәсіпкерлеріне көрсетілуде.
Қазақстанға көрші мемлекеттердің арасында тұтыну рыногы алып Қытай, Ресей, Иран секілді елдер бар. Оларға Өзбекстанды да қосуға болады. Міне, осы мемлекеттердің нарығының ашылуы – қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Осы мүмкіндікті біздің Сыр елі аграршылары тиімді пайдаланады деп сенеміз.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».
Пікір 2