Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2018 жылдың 21-23 тамыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Батыс Сібір аудандарының суық ауа массалары Қазақстанның солтүстік және шығыс аудандарында әлі сақталады. Сондықтан жаңбырмен және екпінді желмен күзгі бұлтты ауа-райы мезгіл басында осы аудандарға тән болады", - делінген хабарламада. Синоптиктердің айтуынша, Республиканың батысында температура фонының төмендеуі аптаның ортасында күтіледі, ал қалған аумақта - 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30-35 градус жылыға дейін көтеріледі.
tengrinews.kz