» » Қазақстандық өнерпаздар әйгілі «Фриндж» фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық өнерпаздар әйгілі «Фриндж» фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық өнерпаздар Эдинбургте әлемге әйгілі «Фриндж» фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды. Талғамы жоғары кәрі құрлық көрермендерін таңдай қақтырған Анатолий Огай мен Татьяна Ким «Инновация» аталымы бойынша марапатталды. «Өзеннің арғы бетінде» монодрамасын жазған калифорниялық өнер институтының түлегі – Анатолий Огай. Қойылымдағы бас және жалғыз рөлді де автордың өзі сомдайды. Спектакльде 1937 жылы Қиыр Шығыс шекарасы аймағынан Қазақстан және Орталық Азияға еркінен тыс көшіріліп, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан корей ұлтының өкілі туралы баяндалады. Анатолий Огай, автор және рөлді соло-орындаушы: – 2012 жылы туған атамнан алған сұхбат негізінде жасалған дүние. Спектакльде оның сұрапыл 1943 жылы бастан кешкен оқиғалары бейнеленген. Жоба авторларының айтуынша, көрермендер Қазақстанның қиын тарихи кезеңдері туралы мағлұмат алып, бейбітшілік мекеніне айналған бүгіні туралы білгісі келген. Татьяна Ким, режиссер: – Қойылымда біз осыны көрсетуге тырыстық. Өйткені ол шындық. Бізде дастарқан басында 10 адам отырып, олардың әрқайсысы әр түрлі ұлт өкілі болуы мүмкін. Сосын біз барлығымыз бір тілде сөйлейміз. Сондықтан да шетелдіктер үшін бұл таң қаларлық жағдай. Татьяна мен Анатолий – ерлі-зайыптылар. Олар Америка Құрама Штаттарында жұмыс істеп, өмір сүреді. Ал халықаралық фестивальдерде Қазақстанның атынан шығып, ұлы дала елінің атын паш етіп жүр. Шығармашылық жұп олардың өнері өзгелерге де үлгі болып, ірі шараларға қатысады әрі жеңіске жетеді деген үмітте. Ғалымжан Қараманұлы, Тwitter @baiimbet: – Бұған дейін мамыр айында «Өзеннің арғы бетінде» монодрамасының тұсаукесері Алматыда өтіп, қазақстандық сыншылардың оң бағасына ие болған еді. Енді осы күзде қойылым АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтетін дүниежүзілік ірі моноспектакльдер қойылымына жол тартпақ. Шығарма авторлары оның бұл жолы да табысты болатынына сенімді.

www.24.kz
02 қыркүйек 2018 ж. 454 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930