» » 3 қыркүйекте кей жерде қар жауып, үсік жүреді

3 қыркүйекте кей жерде қар жауып, үсік жүреді

Солтүстік, солтүстік-батыста, шығыс пен еліміздің орталығында түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Stan.kz.


Қазгидрометтің мәліметінше, Қостанай, Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, ШҚО-да ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Кей жерде жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Түнде тұманданады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облысында түнде тұман түседі. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстанда, Жамбыл облысында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысында 15-20 жылдамдықпен жел соғып, дауыл тұрады. Батыста кей жерде күн күркіреп, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.

Stan.kz






03 қыркүйек 2018 ж. 591 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930