» » Аудан жастары жоғары лигада

Аудан жастары жоғары лигада

Облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің 5 жылдық мерекесіне орай Нартай Бекежанов атындағы қазақ музықалық драма театрында «Жайдарман» ойындарының жаңа маусымы ашылды.
Аймақтың маңдайалды командаларының қатысуымен өткен көңілді кешке жастар газеті арнайы кубок тіккен болатын. Ереже бойынша өткір әзілі, ұтымды сөзімен көрермен көңілінен шыққан команда аталған басылымның бас бәйгесін алады. Қазақстан КВН одағы Қызылорда филиалымен бірлесіп ұйымдастырған шара жұртшылық көңілінен шықты. Қуантарлығы, 2018-2019 жылғы мау­­сымашар «Жалағаш құрамасы» үшін сәтімен басталды.
Жерлестеріміз алдағы уақытта өтетін жоғарғы лигаға жолдама, 2017-2018 жылдың «Үздік аудандық лига» номинациясы мен «Ақмешіт жастары» газетінің 5 жылдығына арналған кубокқа ие болды. Ендеше, жалағаштық жайдарманшылардың жоғары лигадағы ойындарына сәттілік тілейміз.

25 қыркүйек 2018 ж. 1 071 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930