Жастар жаршысының жарыққа шыққанына - бес жыл
Бүгін, 7 қыркүйек күні Сыр жастарының жаршысы – облыстық «Ақмешіт жастары» газетінің жарыққа шыққанына бес жыл толды.
Осы уақыт аралығында басылым оқырманға әртүрлі тақырыпта қызықты да мазмұнды дүниелер ұсынып, ақпарат айдынынан орын алып үлгерді. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жұмысына да айтарлықтай үлес қосып келеді. Бесжылдық белес газет тілшілері үшін өткенге көз жүгіртіп, алдағы уақытқа нақты жоспар құру мүмкіндігін береді.
Атаулы күнге орай редакция ұжымы бірқатар шараны қолға алып отыр. Атап айтқанда, бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ, «Болашақ» университеттерінің журналистика мамандығында оқитын студенттермен кездесу өткізуде. Ал осы жексенбіде, 9 қыркүйекте түскі сағат 9.00 мен 13.00 аралығында қала жастарын «Мұз айдыны» кешенінде тегін коньки тебуге шақырады. Жыл соңына таяу бес жылда басылымда жарық көрген таңдамалы мақалалар топтамасын шығармақ.
Осындай мерейлі күні газет ұжымын құттықтай отырып, оқырманға тұшымды, сүбелі дүниелер ұсынып, биіктерге самғай беруді тілейміз.
«Сыр бойы».