Қаламгерлерге құрмет
28 маусым – Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті ұжымы мен ардагерлерді, қаламгер қауымын қабылдады.
Баспасөз саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған өңір басшысы қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік дамудың алғы шартына айналып отырғанын айтты. Осы орайда қоғамның жаңарып, дамуына ықпал ететін бірден-бір күш журналистер қауымының қызметіне тоқталып өтті. Сексен төрт жыл тарихы бар аудандық басылымның қазіргі кезде бет-бейнесі жанарып, мазмұны мен сапасы арта түскенін айтты. Сондай-ақ, аудандағы жарқын істерді жарқырата жазумен бірге өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, оның оң шешімін табуына ықпал етіп жүрген журналистердің жұмысына оң баға берді.
Қабылдау кезінде аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, аудандық мәслихат депутаты К.Сүлейменов, Қазақстан Журналистер одағының мүшелері Р.Кәрімов, Ж.Адамбаев, Р.Көшекбаева, С.Бертаев, ардагер Қ.Ерғалиевалар мерекелік ізгі тілектерін жеткізіп, газет жұмысына байланысты ойларын ортаға салды. Газет редакторы Н.Сауяев аудандық басылымның қазіргі тіршілік-тынысы, алдағы жоспарлары жайлы баяндады.
Қабылдау соңында аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бір топ бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне аудан әкімінің «Құттықтау» хаты мен сыйлықтарын табыс етті. Марапат иелерінің қатарында «Жалағаш жаршысы» газетінің қызметкерлері С.Бертаев, Н.Қазбеков, М.Ахметов, А.Ізтелеуовалар бар. Сонымен бірге мереке қарсаңында облыс орталығында өткен салтанатты шарада газеттің жауапты хатшысы Қ.Ахетов Қазақстан Журналистер одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

«ЖЖ» ақпарат.
Пікір 1