Елімізде алдағы күндері жаңбыр аралас қар жауады деп күтілуде
2018 жылдың 10 қазаны мен 13 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жауын жауып, қатты жел соғады деп, дауылды есткерті жарияланды. Бұл туралы Қазгодрометке сілтеп, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.
12-13 қазанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында жаңбыр жауады деп болжам жасалды.Сондай-ақ, 13 қазанда Павлодар облысында да жауын-шашын жауып, оның арты қарға ұласуы мүмкін. Бұл күндері оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады және еліміздің кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Ал күндіз ауа температурасы 3-10 жылыға дейін төмендейді.
Күздің ызғарлы суығы Астана тұрғындарын әбіргерге салатын болды. Астанада 12 қазанда күндіз, 13 қазанда тәулік бойы жауын-шашын жауады деп күтіледі, сондай-ақ жаңбырдың арты сулы қарға ауысуы мүмкін.
Сонымен қатар, 11 қазанда Ақмола облысында қатты жел соғуы мүмкін. Жел түнде кей жерлерде соқса, күндіз басым бөлігінде соғады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі.
Stan.kz
Пікір 2