» » «Legоrobo» үздіктер қатарында

«Legоrobo» үздіктер қатарында



Заман сұранысы – ақпараттық техника саласының мамандары. Қазір ата-аналар да баласының дүние жүзінде кең қолданыс тапқан ІТ-ды, робототехниканы меңгеруін қалайды. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада өткен «Ата-ана, мен және робот» атты отбасылық-танымдық чемпионатта осыны аңғардық.
«Казроботикс» білім беру және спорттық робототехникасыныӊ Қазақстан Федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, «Smart Generation» робототехника мектебі, облыстық «Рухани жаӊғыру» орталығы мен облыстық білім басқармасы бірлесе ұйымдастырған жарысқа «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінен құралған командалар қатысты. Ең қызығы, қатысушылардың қатарында бастауыш сынып оқушыларынан бөлек ата-аналар да болды. Робототехника саласына деген қызығушылықты анықтап, соған сай бағыт-бағдар беруді мақсат еткен сайыс үш кезеңді қамтыды. Нәтижесінде сынақтан сүрінбей өткен Жалағаш аудандық оқушылар үйінен келген «Legоrobo» үйірмесінің мүшелері үздік деп танылды. Шара соңында жеңімпаздар «Рухани жаӊғыру» орталығыныӊ арнайы дипломымен марапатталды.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.
http://www.syrboyi.kz
16 қазан 2018 ж. 798 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 665

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30