» » РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жалағаш топырағы білімді жастарға, өнерлі өрендерге кенде емес. Олар өз кезегінде түрлі сайыстарда бақ сынап, аудан намысын қорғап жүр. Олардың қатарында Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің 4 «а» сынып оқушысы Нұрдәулет Әділбек те бар.
Ол өзінің білімге деген ерекше ынтасын алғашқы сыныптан-ақ көрсете білді. Оқушысының ерекше қабілетін байқаған сынып жетекшісі Тұмар Жұмабекқызы 2015 жылы аудандық «Менің сүйікті Әліппем» атты байқауына қатыстырған. Білімді шәкірт байқауда ұстазының үмітін ақтап, аудан бойынша барлық мектеп оқушыларының арасынан оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды. 2016 жылы аудандық 2-4 сынып оқушылары арасында өткен «Бастау» республикалық математикалық турнирінен І орынды алып, сол жылы облыстық кезеңінен ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, аталған сайыстың 2017 жылы аудандық кезеңінен І орын, облыстық кезеңінен ІІ орынды иеленген Нұрдәулет биылғы жылы өткен облыстық кезеңінен І орын алып, республикаға жолдама алды.
Жастайынан білім сайыстарының жеңімпазы атанып үлгерген Н.Нұрлыбекұлы – үлкенге құрмет, кішіге қамқор бола біледі. Жуырда 18-22 маусым аралығында Алматы қаласында өтетін республикалық математикалық турнирде бақ сынап, облыстың намысын қорғамақшы. Республика көлемінде өтетін білім сайысында Нұрдәулетпен қатар осы мектептен 2-сынып оқушысы Іңкәр Бақытбек пен 3-сынып оқушысы Мирасхан Абылай да бақ сынамақ. Білімді өрендерге алдағы сайыста жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз.

«ЖЖ» ақпарат.
05 маусым 2018 ж. 1 327 2

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 10:32
Clobetasol With Next Day Deliverycheap Valtrex Canada http://xzanax.com Quel Est Le Prix Du Cialis Chibro Proscar What Does Lasix Do For Horses

Гость Jeaplause от 13 наурыз 2019 12:35
How To Buy Flagyl Can I Buy Levitra At Walgreens Where Can I Buy Methotrexate vardenafil in osterreich erhaltlich No Prescription Diflucan