» » МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ІЛИЯС ЖҮСІПҰЛЫ ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САЯБАҚТЫҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ МҮСІНІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ІЛИЯС ЖҮСІПҰЛЫ ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ САЯБАҚТЫҢ ЖӘНЕ КЕУДЕ МҮСІНІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ



Бүгін Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдық мерейтойына орай саябақтың және кеуде мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Шара айтыскер ақын Айдос Раxметовтің жыр-арнауынан бастау алды.
Мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған бюстінің ашылу салтанатының алғашқы сөзін аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы алып,
- Бүгін елі қадір тұтып, өмірге келгеніне 115 жыл толуына орай туған жері Жалағаш ауданының орталығынан Ілияс Қабыловтың ескерткіш-бюсті ашылуда.
Ел ертеңі үшін елеулі істердің атқарылуына себепкер болған қайраткердің өнегелі еңбек жолы мен саналы ғұмыры өскелең ұрпаққа қашан да үлгі болып қала бермек- деді өз сөзінде.
Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, қайраткердің немересі Галина Қабылова сөз алып, естеліктермен бөлісті.
Ілияс Қабыловқа арналған бюстті ашу құрметі Қызылорда облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Сейтқалиұлына және құрметті қонақтарға берілді.
17 қазан 2018 ж. 1 094 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930