ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН НӘТИЖЕСІ
Күз мезгілі – ала жаздай атыз жағалаған диқандар еңбегінің таразыға түсер сәті. Мұны терең түсінетін шаруалар астықты алқапта толассыз еңбек етті, күннің жылт еткен шуағын тиімді пайдалану үшін тер төкті. Соңғы бес жылда басты дақыл күріш жинауда биіктен көрініп жүрген Сыр диқандары биылғы науқанды да табыспен түйіндеді. Күріштен жоғары өнім жинады. Биыл басты дақыл гектарына 54,5 центнерден айналды. Облыс диқандары осылайша тәуелсіздік жылдары қатарынан алтыншы жыл жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, ел байлығын еселеуге үлестерін қосты.
Аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Үстіміздегі жылы облыс бойынша барлығы 184,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған болатын. Оның ішінде дәндi дақылдар 95,3 мың, майлы дақылдар 10,3 мың, мал азықтық дақылдар 61,5 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектар алқапта өсірілді. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың гектарды құрады. Биыл шаруашылықтар негізінен жоғары репродукциялы тұқым сепкенін айта кету керек.
Міне, бүгін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ұсынған өнім көлемі көрсеткіштеріне зер салып өтелік.
Егілген күздік бидайдан – 7483, жаздық бидайдан – 2695, арпадан 368, дәндік жүгеріден 3849, тарыдан 1766 тонна өнім алынды. Сондай-ақ, картоптан 75412, көкөністен 110 013, бақшадан 179 281 тонна өнім жиналды. Майлы дақылдар бойынша, атап айтқанда, мақсарыдан 8 317 тонна және күнбағыстан 179 тонна өнім жиналған.
Құнарлы мал азығын дайындау үшін ескі жоңышқа дақылы 2 рет орылып, барлығы 188 963 тонна, жаңа жоңышқадан 17 914 тонна, түйе жоңышқадан 60 тонна, барлығы 206,9 мың тонна шөп және 7 750 тонна сүрлем жиналды. Сонымен қатар, мал азығы үшін 485,7 мың тонна табиғи шөп және 37,0 мың тонна сабан дайындалды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары қазіргі таңда, 400 гектар күздік бидай (16,0%) егіп, алдағы жылдың егісі үшін 12 770 гектар (19,6%) сүдігер көтерді. Сондай-ақ, алдағы егісі науқаны үшін 18 600 тонна (87,4%) күріш тұқымы құйылды.
Жыл басынан бері облыс бойынша агроөнеркәсіп саласында 65,7 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Ағымдағы жылдың аптап ыстығы мен аңызақ желінде тер төккен Сыр диқандары ауа райының қолайсыздығы мен су тапшылығына қарамай орақ науқанын абыроймен аяқтады.

Пікір 2