ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН ҰСЫНАДЫ
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Алтынай Әбдіжәміл жұқпалы аурулардан алдын алу мақсатында фитонцидтерге бай жабайы өсімдіктерді көркейту-көғалдандыруға пайдалануды ұсынады. Қызылорда облысындағы жабайы өсімдіктердің салыстырмалы фитонцидтік белсенділігін эксперимент арқылы зерделеп, жас зерттеуші аймақтың климаттық жағдайына төзімді, экономикалық тұрғыдан тиімді және де туберкулез таяқшасына және басқада патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік антибиотиктерінің» тізімін жасады.
Алтынай ғылыми жоба үшін тақырыпты таңдап алуына, туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі облыс бойынша әлдеде болса алаңдататын проблема екені себепші болған. Жас зерттеуші туберкулезге қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, Қазақстан 18 мемлекет арасында туберкулездің ең жоғары ауыртпалығы бар мемлекет болып тұрғаны туралы деректерге сүйене отырып тілге тиек етеді. Балалар туберкулезіне қатысты Қызылорда облысындағы балалар арасында ауыру көрсеткішінің ұлғаюы байқалуы, ол республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 есе жоғары екеніне де алаңдатады. Аурудың шығу себептеріне тоқталған Алтынай, жоба жетекшісі биология пәнінің эксперт мұғалімі Дариха Мунарбаева басшылығымен фитонцидтік қасиеттері басым жабайы өсімдіктерді зерттеген, және ол өсімдіктер жұқпалы аурулардың алдын алуға және күресуге септігін тигізбек деп мектеп және де басқа да балалардың оқып-білім алатын ғимараттардың ауласына көркейту-көгалдандыру жұмыстарына пайдалануға ұсыныс жасайды.
«Фитонцидтер – микроорганизмдердің дамуын және көбеюін тоқтатуға, тежеуге септігін тигізетін иммунитетті заттар. Жұмысты жүзеге асырған кезде фитонцидтік қасиеттері салыстырмалы зерттелген өсімдіктер – торанғыл терегі, жыңғыл, жабайы жиде, күміс терегі, қараған, кекіре, ақ сексеуіл, адыраспан болды. Біз микроорганизмдерге және кейбір жәндіктерге олардың әсерін зерттедік », – дейді жас биолог.
Зерттеу объектілері бойынша зерттеу жұмыстарын және бақылауды Алтынай күнделікті жүргізген. Микроскоптың көмегімен өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерініңдизентерия амёбасына, пішен таяқшасына, ақшыл көбелегі,етікші қоңызы, ағаш биті және құмырсқағаәсерінжүргізді. Нәтижесінде ең жақсы әсер етіп, фитонцидтік басымдық көрсеткен торанғыл терегі, жынғыл түрлері, кекіре, адыраспан және күміс терегі болып анықталған. Жабайы адыраспан шөптесін өсімдігінің шырынының фитонцидтік әсері бөлме өсімдіктерінің зиянкестерінің бірі – аққанатты көбелектің өмірлік белсенділігін тежететіні анықталды.
«Эксперимент нәтижесі көрсеткендей жабайы жиде, жыңғыл, торанғыл терегі, терек, адыраспан сияқты фитонцидтік белсенділігі жоғары өсімдіктерді жұқпалы аурулардың алдын алу үшін табиғи компонент ретінде балабақшалар мен басқа да балалар мекемелерінің ауласында көркейту-көғалдандыруда пайдалану өте тиімді», – деп түсіндірді жоба жетекшісі Дариха Мунарбаева.
Ғылыми жобаның өзектілігін өңіріміздің мамандары ғана емес, Алматы қаласының белгілі ғалымдары жоғары бағалады. Жақында өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында жас биологтың бұл идеясы жүлделі екінші орынға лайықты деп танылды.