» » Мемлекеттік рәміздерге құрмет

Мемлекеттік рәміздерге құрмет

Аймақта мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен қолданудағы кемшіліктер жайлы жедел хабарлауға мүмкіндік беретін арнайы WhatsApp-чаты жұмыс істей бастады. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Онда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов­ аймақтық ұйымдар мен мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің стандартқа сай қолданылуы мен орналастырылуындағы кемшіліктер туралы баяндады.
Аталған басқарма техникалық реттеу және метрология, ішкі істер департаментімен бірлесіп қыркүйек-қазан айларында Қызылорда қаласы мен аудандарда мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналастырылуы мен стандартқа сай қолданылу тәртібіне байланысты рейд жүргізген.
– Мемлекеттік рәміздерге байланысты кемшіліктерді жібермеу жөнінде хаттамалық тапсырма берілгенімен, кемшіліктер әлі де қайталанып келеді. Алдағы уақытта мұндай жағдайларды тез арада реттеу үшін оны суретке түсіріп, салып отыратын «Ramiz.kzo» чаты жұмыс жасайтын болады. Онда мемлекеттік рәміздерді қолдануда жіберілген олқылықтар талқыланып, мекеме басшыларына шұғыл түзету ұсынылады және ол жөнінде есебі де орналастырылады,– деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.
Бұл ретте аймақ басшысы мемлекеттік рәміздердің жастарға патриоттық тәрбие берудегі маңызды құрал екендігін айта келе, селекторлық байланыс арқылы аудан әкімдеріне жіберілген кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылдауын тапсырды.
Айта кету керек, өңірде мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік рәміздердің орналастырылуы мен стандарттарға сәйкес қолданылуын тұрақты түрде тексеретін инспекциялық топ жұмыс істейді. Ай сайын рейд жүргізіліп, анықталған кемшіліктер мен оларды түзету туралы ақпараттар БАҚ-та жарияланады.
Сонымен қатар 2015 жылдан бастап облыста мемлекеттік рәміздерді сатып алудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесі енгізілді. Саны мен жауапты тұлғалар туралы ақпарат көрсетілген бірыңғай база құрылды. Оған қоса облыста мамыр айындағы республикалық инспекциялық топтың мониторингі бойынша мемлекеттік рәміздердің бірыңғай базасын құру туралы аймақ тәжірибесін басқа өңірлерде тарату ұсынылып отыр.
Жиында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов және Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Жаниязов пен Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстар мен іс-шаралар жайын баян етті. Жиын соңында облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша баяндамашыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

«ЖЖ» ақпарат.
03 қараша 2018 ж. 1 078 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930