СӨЗ КӨП, БІТКЕН ІС ЖОҚ
Ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі стандартқа сай емес. Сондай-ақ, көше бойындағы көрнекілік құралдары мен тақтайшалар да уақытында жаңартылмаған. Мұндай кемшіліктер кент орталығының өзінде жетіп артылады. Бұл туралы аудан әкімінің төрағалығымен өткен комиссия отырысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалымжан Телібаев баяндады.
Бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бірқатар сала қызметкерлері қатысқан басқосуда күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралып, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева мен ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев баяндама жасады. Жиында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мемлекеттік рәміздердің құндылығы жайында баяндап, қатысушыларды оған құрметпен қарауға шақырды.
– Мемлекеттік рәміздер қоғамның басты саяси мәліметінің бір бөлігі екенін жақсы білесіздер. Ол мемлекеттің тәуелсіздігін, саяси егемендігімізді белгілейтін негізгі құндылығымыз. Сондықтан оған баршамыз құрметпен қарауға тиіспіз. Тәуелсіздік бабаларымыздың үлкен ерлігінің арқасында бізге бұйырды. Көк туымыз биікке желбірегенде қаншама қандастарымыздың бойында Отанға деген ерекше сезімнің пайда болатыны да сондықтан. Әрбір мемлекеттік органның басшысы мемлекеттік рәмізге деген құрметі арқылы жұмысын қалай орындап жүргенін көрсетеді. Аудан көлемінде мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі мен сапасы жайында бірқатар кемшіліктер орын алған. Біз мұндай кемшілікке жол бермеуіміз керек, – деді аудан басшысы.
Осындай олқылықтарға жол бермеу мақсатында наурыз айының ортасында аудандық бюджет қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер, кент және ауылдық округтер, білім беру мекемелері мен мәдени ұйымдарға аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлері рейд жүргізген болатын. Рейд барысында мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихатталуы бағытында бірқатар кемшіліктер анықталған. Олардың ішінде ауылдық округтер бар. Тіпті бір елді мекенде мемлекеттік рәмізге қатысты бірнеше олқылық орын алған. Мәселен, М.Шәменов ауылдық округі әкімі аппаратындағы әкімнің кабинетінде орналасқан мемлекеттік рәміздердің орналасу тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, аталған өңірдегі Ә.Бердаулетов атындағы №34 орта мектеп ғимаратының сыртында орналасқан мемлекеттік туға қатысты да кемшін тұстар жоқ емес. Қаракеткен ауылдық округіндегі №114 орта мектепте де осындай кемшілікке жол берілген.
Жиында, әсіресе Ақсу ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы төмен екені айтылды. Сондай-ақ, ауыл әкімдігі ғимараты мен мәдениет үйінің сыртында орналасқан ту тұғыры стандартқа сай емес. Осы тұрғыда аудан басшысы аталған елді мекенде біраз кемшілік бар екенін атап өтіп, сапалы жұмыс жасау қажеттігін ескертті. Басқа да ауданға қарасты елді мекендерде мұндай кемшіліктер жетіп артылады. Әсіресе, ауылдық округтердегі мектептерде мұндай жағдайлар көптеп кездеседі. Біз де мектеп директорлары мемлекеттік рәміздерге қатысты осындай олқылыққа жол берсе, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке қалай тәрбиелейміз деген ойға келдік. Бұл ретте ауыл әкімдері оларға ескерту қажет шығар. Алайда, олардың өзі мұндай олқылықтың ортасында отыр. Басқосуда аудан әкімі кемшіліктерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Олардың уәдесі мен жасап жатқан жұмыстарын тыңдаған Қ.Сәрсенбаев «Сөз көп, біткен іс жоқ» деп тағы бір сын айтты.
Аудан басшысының бұлай айтуының да жөні бар. Себебі, мемлекетке қызмет ете жүріп, оның басты құндылықтарын құрметтемеу жөн емес. «Рәміздерге құрметпен қарамаған адам басқа да жұмыстарға салғырт қарайды» деген еді. Аудан басшысының бөл сөзінің дәлеліне ішкі саясат бөлімі басшысының келесі баяндамасына қарап көз жеткіздік. Кент орталығы мен басқа да елді мекендердегі көрнекілік құралдарының жай-күйіне тоқталған Ғ.Телібаев тағы да осындай олқылықтың бар екенін көрсетті. Бұл жолы кентке оралайық.
Мәселен, аудан орталығындағы рухани жаңғыруға байланысты авторлық құқығы бұзылған кісінің бейнесі орналасқан көрнекілік құралы әлі күнге дейін ауыстырылмаған. Оны ауыстыру қажеттігі жөнінде өткен жылы тиісті мекемеден қатынас хат жолданса да жұмыс атқарылмаған. Жеңістің 50 жылдығы көшесінің бойында орналасқан билборд жыртылған. Кенттегі мұндай көшелердің бірқатары анықталған. Осыған орай аудан басшысы жауапты азаматтарға тағы да бірқатар тапсырма берді. Жиында білім бөлімінің басшысы Гүлзат Құрманбаева да білім беру ұйымдарында мемлекеттік рәміздердің пайдалануы мен насихатталуы жайында баяндама жасады. Бұл тұрғыда аудандық білім бөлімі тарапынан сапалы жұмыстар атқарылған. Басты құндылықтарымызды насихаттау жөнінде барлық білім ошақтарында тұрақты түрде ашық сабақтар өту қажеттігін айтқан аудан басшысы атқарылған жұмыстардың сапалылығына қанықты. Қайратбек Сәрсенбаев «Тозығы жеткен туларға қатысты сынның айтылғаны да дұрыс. Алайда, келесі кезекте оны сатып аларда сапалылығына да мән беру қажеттігін ескертті.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.