БАЙҚОҢЫРДА КОММУНАЛДЫҚ ТАРИФ АРЗАНДАУЫ МҮМКІН
Облыс бойынша ең қымбат коммуналдық тариф – Байқоңыр қаласында. ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары Мырзабек Демесінов бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы интернет-конференцияда айтты.
– Жылу үшін – 67, ыстық су үшін – 46, жарық үшін 36 процентке жоғары. Қызмет құнын төмендетудің жалғыз шарты – электр желілерін Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының теңгеріміне беру. Бұл сағатына 1 кВт электр энергиясын босату бағасын қосымша құн салығынсыз 16,41 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, – деді ол.
Онлайн желідегі сұрақтардың бірі «жұлдызды қалашықта» салынып жатқан үйлерден пәтер алу жолдары жөнінде болды. 1990 жылдан бері бірінші рет қазір мұнда жаңадан көпқабатты 5 үй салынып жатыр.
– Бұрын-соңды қазақстандық стандартпен пәтер бөлу жұмысы жүргізілмегеніне байланысты әуелі комиссия жасақталады. Содан соң комиссия Ресей Федерациясының есебінде тұрған отандастарымызға пәтер беру жөнінде шешім қабылдайды. Алайда, әзірге арнайы ереже бекітілген жоқ, – деді М.Демесінов.
Құрылысшылар жоспар бойынша үйлерді жыл соңына дейін салып бітіруі тиіс. Ал үй кезегінде тұрған байқоңырлықтардың саны 2,5 мыңнан асады.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.