СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕГІ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ БОЙЫНША
Облыста 2018 жылдың 9 - 10 шілде күндері Солтүстік Қазақстан, Қостанай, өңірлерінен аймағымызға келген арнайы делегация мүшелері Қызылорда қаласы, Байқоңыр қаласы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында, «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін» өткізілді.
Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан 2 мыңнан астам, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысынан 956, Қостанай облысынан 1241 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Нәтижесінде жәрмеңкеге 500-ден астам адам қатысып, 156 отбасы қоңыс аударуға ниет білдірді.
Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында бірінші рет Ресей Федерациясының әкімшілігімен бірігіп Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірігіп бос жұмыс орындары жәрменкесін өткізді. Жәрменкеге 250-ден астам жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен қамтылғандар қатысып, 89 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді
Бос жұмыс орындарының басым бөлігін дәрігер мамандықтары, оның ішінде хирург, кардиолог, медбикелер және мәдени ұйымдастырушы, жүргізуші, қолөнерші, машина операторлары, агроном, аспаз және әкімнің орынбасарлары сияқты бос орындар құрады.
Бағдарламаға қатысушыларына мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үй жалдауға (жалға алуға) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығыстарын өтеуге субсидиялар беру қамтамасыз етіледі.
Бағдарламаға қатысушылар және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (84175 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек көрсетіледі. Аталған көмек Бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге төмендегіше мөлшерлерде материалдық көмек жасалады:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
1.1) бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде (48100 т);
1.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде (60125 т);
1.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (72150) мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
2.1) бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде (36075 т);
2.2) отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК мөлшерінде (43290 т);
2.3) отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде (50505 т) төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен олардың жеке меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде отбасына бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол беріледі.