» » ҚЫЗЫЛОРДАДА "BAIKONYR INVEST» Х ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА "BAIKONYR INVEST» Х ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ



Форум тақырыбы - "Жасыл" экономика - өңір дамуының жаңа бағыты". Форум жұмысына 14 елдің өкілдері - халықаралық және отандық бизнес-құрылымдардың, қаржы институттарының, корпорациялар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швейцария және басқа да елдердің делегациялары қатысты.
Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев форумға қатысушыларды құттықтап, 5 жыл ішінде «Байқоңыр Инвест» форумы табысты әріптестік орнату алаңына айналғанын атап өтті.
"Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын баламалы энергетиканы дамыту жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында біз бүгінгі" жасыл " экономикаға - өңір дамуының жаңа бағыты ретінде арнадық. Біздің облысымыз күннің белсенділігі жоғары аймақ екенін атап өткім келеді. Облыста күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы 3 мың сағаттан артық. Бұл күн электр станцияларын салу мен дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан "Жасыл" экономика тақырыбын біз кездейсоқ таңдап алған жоқпыз ", - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, келесі жылы өңірде жалпы қуаты 170 МВт болатын 4 күн электр станциясының құрылысы басталады. Айта кетейік, қуаты 60 және 10 МВт болатын Қызылорда қаласының сол жағалауында және Жаңақорған ауданында "HydroEnergy" АҚ (Болгария), Жалағаш ауданында қуаты 30 МВт – "Total Eren" (Франция) компаниясы, Шиелі ауданында қуаты 70 МВт – "Samruk Kazyna – United Green" компаниясы және "Авелар Солар Технолоджи" ЖШҚ (Ресей) күн электр станциясын салатын болады.
Форумның пленарлық отырысында дипломатиялық миссия өкілдері, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының басшылары сөз сөйледі. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров Қызылорда облысындағы негізгі капиталға салынған инвестиция өсімінің оң трендтерін атап өтті. Сондай-ақ, аймақтың өңдеу өнеркәсібінде 1,9 есеге өскенін айтты. Нәтижесінде, өңір саланың негізгі капиталына инвестициялардың өсу қарқыны бойынша көшбасшылардың үштігіне енді.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Франция  Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Филип Мартинэ  Қазақстанда, атап айтқанда Қызылорда облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша өз тәжірибесімен бөліскеніне қуанышты екенін айтты.
"Total Еren" француз компаниясы қазақстандық серіктестермен бірлесіп Жалағашта күн электр станциясын дамытуға міндеттеме алды. Жұмыстар алдағы аптада басталып, келесі жылдың қазан айына дейін жалғасады", - деді Филипп Мартинэ.
Форум аясында  "жасыл" экономиканың жеті негізгі бағытын қамтитын 4 секцияның жұмысы өтті  -  "Жаңартылатын энергия көздері» бойынша жобаларды енгізу мәселелері, тұрғынүй коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру», "Цифрландыру. Smart city», ауылшаруашылық өнеркәсіп кешеніндегі "Жасыл технологиялар", су және жер ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру», "Жасыл экономиканы дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  тетіктерін қолданудың жаңа мүмкіндіктері".
Секция жұмысына "Siemens" (Корея), Huawei Technologies (ҚХР), 4Kz Inc (АҚШ), "Авелар Солар Технолоджи" (РФ), "Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы" АҚ, "Халықаралық Аралды құтқару қоры"компанияларының өкілдері қатысты.
Форум секцияларының бірі қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған. Облыста 145 полигон жұмыс істейді. "Ибрайхан" жергілікті компаниясы қатты тұрмыстық қалдықтардан черепицаны және тротуарлық тақталарды, ал "Smart Rubber" серіктестігі - тозған көліктердің дөңгелектерінен жол жабындарына арналған резеңке үгінді мен тамшылатып суару үшін жер асты құбырларын дайындайды. Бұдан басқа, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайтын "Қызылорда қаласында қоқыс сұрыптау кешенінің құрылысы" жобасы іске асырылуда.
Сондай-ақ, өңірде 2020 жылға дейін энергия көздерін үнемдеудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, облыс көшелерінің 30% диодтық жарық шамдармен жабдықталған, бұл электр энергиясын 12% - ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Келесі жылы облыс бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  негізінде 6600 шам диодтық жарық шамдарға ауыстырылып, сол арқылы электр энергиясын 50% - ға дейін үнемдеу жоспарлануда.
Форум аясында жаңартылатын энергия көздері, инвестициялық жобаларды дамыту және "жасыл технологияларды" енгізу саласындағы ынтымақтастық туралы 12 меморандумға және керамика зауытын салу туралы  келісімге қол қойылды.
Форум модераторы-BBC World News өкілдігінің басшысы Сергей Становкин. Ақпараттық серіктес - "Sputnik Kazakhstan" Ақпараттық агенттігі.
Айта кетейік, 3 желтоқсанда форумға қатысушылар дәстүр бойынша Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне, ғарышкерлер мұражайына және "Байқоңыр" ғарыш айлағына барып, басқарылатын «Союз» ғарыш кемесінің ұшырылымын тамашалады.


http://www.syrboyi.kz
04 желтоқсан 2018 ж. 683 3

Гость Jeaplause от 26 ақпан 2019 01:43
Medicpills Zithromax Label Free Samples Of Viagra And Cialis buy viagra Prednisone Online Order Cephalexin Use For What Buy 125 Mcg Synthroid No Prescription

Гость Jeaplause от 15 наурыз 2019 00:02
Kaufen Viagra Rezeptfrei viagra prescription Generic Viagraon Line Medicamento Cialis 10 Buy Generic Hydrochlorothiazide Congestive Heart Failure Overnight Shipping

Brucesmics от 1 мамыр 2019 14:40
Good time and Good mood, thanks[url=https://www.youtube.com/channel/UCOrQ2tAZI821VuJOwPovxnw/videos].[/u
rl]

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930