» » Астанада жер үсті метросының жол ақысы белгілі болды

Астанада жер үсті метросының жол ақысы белгілі болды

Астана, BAQ.KZ. Астанада құрылысы жүріп жатқан жер үсті метросымен қатынаудың бағасы шамамен 200 теңге болады.


Бұл туралы «Астана ЛРТ» компаниясы басқармасы төрағасының орынбасары Айтқазы Арықбаев айтты, деп жазады «Хабар 24».

Оның айтуынша 2020 жылы құрылысы толық аяқталып пайдалануға берілетін заманауи қоғамдық көліктің бастапқы жолақысы қаржылық-экономикалық негіздемеге сай есептелген. Бірақ алдағы уақытта әлде де жан-жақты сараланатын болады.

«Жалпы құрылыс бойынша есептесек, фундаменттері, сваи, ротсверг, қадамалар солардың бәрі жалпы есептеген кезде 70 проценті бүгінгі таңда даяр. Оның жолаушылар тасымалдайтын көлікке келетін болсақ, оның сыйымдылығы 600 жолаушыға дейін тасиды. Және де орташа жылдамдығы 40-80 шақырымның арасында. Мысалы, аэропорттан жаңа теміржол возкалына дейін 30 минуттың ішінде өтеді», - дейді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Айтқазы Арықбаев.

Жоба 2019 жылдың желтоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Жеңіл рельспен жолаушылар тасымалдау жүйесінің жалпы ұзындығы 22 шақырым. 18 аялдама мен 19 жылжымалы құрам болады. Тәулігіне 146 мың адамды тасымалдайды.

Baq.kz
06 желтоқсан 2018 ж. 498 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930