Түрік инвесторы Шиеліде керамикалық тақта өндіретін зауыт салмақ
Астана, BAQ.KZ. Түрік инвесторы Қызылорда облысында 11 млн шаршы метрлік керамикалық тақталарды шығаруды жоспарлап отыр.
Ең ірі түрік холдингі «Yildizlar SSS» Қызылорда облысында 350 тұрақты жұмыс орнымен, керамикалық тақта өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр.
Түрік инвесторлары жобаға 128 миллион доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Өндірісті 2022 жылға дейін іске қосу көзделген. Бірінші кезеңде 10 миллион шаршы метр керамикалық тақталар шығарылады, екінші кезеңде жобалық қуаты 11 миллион шаршы метрге жетеді деп күтілуде.
Қазіргі уақытта «Kazakh Invest» компаниясының көмегімен Шиелі ауданындағы 100 гектар жер телімі таңдап алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы 2019 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған.
Анықтама үшін: «Yildizlar SSS Holding» түрік керамикалық тақталар нарығының шамамен 40%-ын құрайды. Холдинг мыс, қорғасын, мырыш, темір және хром өндіреді. «Yildizlar SSS Holding» Түркиядағы ең ірі және әлемде тоғызыншы күміс өндіруші болып келеді. Холдингтің жыл сайынғы табысы шамамен 1,5 млрд доллар, қызметкерлердің саны шамамен 10 мың адам.
Baq.kz