» » Қызылорда облысында бос жатқан жер телімдері аукционға шығарылды

Қызылорда облысында бос жатқан жер телімдері аукционға шығарылды



Бәссауданы кәсіпкерлер палатасының алаңында өткізу ашықтық пен жариялылыққа жол ашып отыр. Өткен жылдан бері облыс орталығында өткізілген 11 аукцион нәтижесінде жүзден астам жер учаскесі өз иесін тауып, жергілікті бюджетке 151 миллион теңге табыс түскен.
Айта кетейік, Қызылорда еліміз бойынша кәсіпкерлердің жер кадастрлық құнын бөліп төлеуін енгізген жалғыз өңір. Бизнесті дамытуға арналған бастама Шиелі ауданында да жалғасты. Жалпы қандай да бір кәсіппен айналысып, өрбіту үшін көп мәселе жерге қатысты туындайтыны анық. Сондықтан жер телімдерін жалға берудің тиімді тәсілін енгізген кәсіпкерлер палатасының мамандары азаматтарды алдымен құқықтық кеңеске құлақ түруге шақырады.
Гауһар Елеусінова, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
– Жеке азаматтар, кәсіпкерлер жер алу процесін, заңдылықтарын білмегендіктен түрлі сылтау, түрлі жағдайлар айтылып, ол кісілердің жер алуы ұзарады. Таныс-тамыр іздеп кетеді. Ал қазір уақыты қысқарды, сенімділік, ашықтық. Орталықта біз сарапшылар сүйемелдейміз. Ауданда филиал директорлары жер алуға табысталған өтініштерді аяғына дейін осы аукционға түсіп, қолына жеткенге дейін жұмыс жасайды.

www.24.kz

13 желтоқсан 2018 ж. 782 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930