» » Дипломатиялық қатынас – мемлекетаралық ынтымақтың негізі

Дипломатиялық қатынас – мемлекетаралық ынтымақтың негізі

Мемлекет басшысына Тәжікстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло ­Ибодзода, Жапонияның Төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи, Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі ­Рудольф Гикл, Хорватия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі ­Рефик ­Шабанович және Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань сенім грамоталарын тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық мис­сияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың қызметі елі­міздегі маңызды реформалардың жүзеге асырылу кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті.
– Біздің мақсатымыз – әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазақстанның келешегі заманауи технологияны жете мең­герген өскелең ұрпақтың қолында. Сон­дықтан, осы жылды «Жастар жы­лы» деп жарияладым, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы жастарды сапалы біліммен, жұмыспен және баспанамен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев бизнес ахуалын жақсарту, шетелден инвес­тиция тарту және Қазақстан экс­портының бағыттарын кеңейту үшін бірқатар бағдарламаның жү­зеге асырылып жатқаны жөнінде айтты.
Қазақстан Президенті халық­ара­лық күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге де тоқталды.
– Жетекші ядролық державалар арасындағы текетірес әлем жұрт­шылығын алаңдатып отыр. Осы орайда, Орта және кіші қа­шық­тықтағы зымырандарды жою туралы шарттың бұзылу қаупін ерекше атап өткім келеді. Бейбітшілікті қалайтын елдер жаһандық жаңа апат­тың болуына жол бермей, оның алдын алуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ­стан­­­­­­­­­­­­ның бітімгершілік қызме­тінің нә­ти­­­­­­желерін ерекше атап өтіп, әлем­де ядро­лық қаруды таратпау үшін ­қа­­был­­­­­­данған шаралардың маңыз­ды­лы­­ғы­на назар аударды.
Қазақстан Президенті елшілерге арналған сөзінде мемлекетаралық достық қатынастарды нығайту және ілгерілету қажеттігін айтты.
– Біз Тәжікстанмен дәстүрлі ын­ты­мақтастық пен стратегиялық се­­­рік­­­тестікті дамытуға зор мән бе­ре­міз. Астана мен Душанбе ара­­сындағы ТМД, Ұжымдық қа­уіп­­­­­­­­сіздік шарт ұйымы, Шанхай ын­­ты­­­мақ­тастық ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар ая­сын­­­­­­­­­дағы ынтымақтастықты қар­қын­ды нығайтудамыз. Осы ретте­, Тә­­жік­­­­­станның Азиядағы өзара ық­пал­­­­­­­­­­­­­дастық пен сенім шаралары­ ке­­ңе­­­сін­дегі төрағалығына табыс тілей оты­­­­рып, аталған бағытта бірге жұмыс іс­теуге дайын екенімізді айт­қым ке­­ле­ді, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония арасындағы қаты­нас­тардың нәтижелеріне және оны дамыту перспективаларына тоқталды.
– Былтыр Брюссельде өткен АСЕМ саммитінде Премьер-Министр Синдзо Абэмен жүздесіп, екі мемле­кет арасындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға уағдаластық. 2018 жылы өзара сауда айналымы­ 30 процентке өсті. Біз жапон ком­па­ния­ларының Қазақстан нары­ғына атсалысуына мүдделіміз және қажетті жағдай жасауға дайынбыз, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Чехия Пре­зиденті Милош Земанның ­«ЭКСПО-2017» көрмесіне келуі екі жақты байланыстың дамуына тың серпін бергенін атап өтті.
– Өзара тиімді экономикалық бай­ланыстар орнату екі ел үшін де ма­­ңыз­­­ды. Үкіметаралық комиссияның әле­у­­­етін пайдалануымыз қажет деп ойлаймын, – деді Қазақстан Пре­зи­ден­ті.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен­ Хорватия арасындағы ынты­мақ­тас­тықтың нәтижелеріне де тоқ­тал­ды.
– Соңғы жылдары Хорватия Рес­публикасымен байланыстарымыз ай­­­тар­лықтай нығая түсті. Мен осы елдің президенттерімен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болдым. Былтыр Астанада алғаш рет Хорватия елшілігі ашылды, – деді Мемлекет басшысы.
Рәсім барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қатынастардың тиімділігін атап өтті.
– Бүгінде Вьетнам – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі әріп­тестерінің бірі. Біз экономикалық және саяси қатынастарымызды жо­ғары деңгейде дамыту жөніндегі жұ­мыстарды одан әрі жалғастыра беруге ниеттіміз, – деді Нұрсұлтан Назар­баев.
Соңында Қазақстан Президенті елшілерді жауапты миссияларының басталуымен тағы да құттықтап, ди­пломатиялық қызметтеріне табыс ті­леді.
09 ақпан 2019 ж. 734 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 769

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930