» » Қауіпсіздік кеңесінде облыстың даму мәселелері қаралды

Қауіпсіздік кеңесінде облыстың даму мәселелері қаралды

Астана қаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мұнай-газ саласының дамуы, Байқоңыр қаласы мен су шаруашылығын дамыту, Солтүстік Арал жобасын іске асыру және жаңа Жылу электр орталығының құрылысы жайлы сұрақтар талқыланды, – деп хабарлайды Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңір­­дің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Облыс әкімі өңірдің өзекті мәселелерін және оларды шешу үшін орталық мем­ле­кеттік органдардың көмегі қажеттігін айтты.
Аймақ басшысы аталған мәселелерді ше­шу мұнай өндіру көлемінің төмендеуінен бол­ған зардаптарды жеңілдетіп қана қоймай, даму қарқынын арттыруға, яғни, об­лыс хал­қының әлеуметтік-экономикалық жағ­дайын жақ­сартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мәселелер 5 бөлімге бөлінді. Бірінші бөлім су шаруашылығы мәселелерін, со­ның ішінде Солтүстік Арал жобасын қам­тиды.
«Жыл сайын «Тоқтағұл» және «Қайраққұм» су қоймаларында судың мол қоры болған кезде өңірдегі вегетациялық кезең су тапшылығы жағдайында өтеді. Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан мемлекеттерге тәуелділікті азайту үшін облыста жыл сайын Үлкен Арал теңізіне қайтарылмайтын 3 млрд текше метр және одан да көп су тасқынын шоғырландыру көлемі бар 6 жобаны іске асыру жоспарланған», – деді аймақ басшысы.
6 жобаның ішінде ең маңыздысы шоғырландыру көлемі 600 млн текше метр «Күміскеткен» су қоймасын және шоғырландыру көлемі 1,5 млрд текше метр «Қараөзек» ағысында су қоймасын салу болып табылады. Қызылорда су торабын қайта жаңарту және Көкарал бөгетіндегі дамбаны нығайту бойынша жедел шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.
Екінші және үшінші бөлімдер мұнай-газ саласы мен инженерлік инфра­құ­­ры­­­лымды дамыту, атап айтқанда, жаңа Жылу электр орталығы мен «Қы­зылорда-Жезқазған-Қарағанды» авто­ма­­гис­тра­лі­нің құрылысы мәсе­леле­рінен тұр­ды. Төр­тінші бөлім – «Байқоңыр» ке­ше­нінің мә­селелері.
Қазіргі таңда Байқоңыр қаласының ерекше мәртебесі мен режимділігі жаңа жұмыс орындарын ашуда бизнестің дамуына кедергі келтіруде. Сонымен қатар, кәсіпкерлік белсенділік коммуналдық қызметтер тарифтерінің жоғары деңгейін, сондай-ақ, қазіргі салық режимін тежейді. Бұл жерде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының тиімділігін көрсеткен жұмыс жоқ. Сонымен бірге, Ресей жалға алған кезден бері қалада жаңа тұрғын үй салынбаған, қолданыстағы тұрғын үй қоры, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары және инженерлік коммуникациялар жаңғыртылмаған.
«Осы жағдайда Мемлекет бас­шы­сының жалға алу қатынастарынан «Бай­қо­ңыр» кешенін бірлесіп пайдалануға бір­тіндеп көшу жөніндегі тапсырмасына сәйкес арнайы үкіметаралық комиссия ая­сында ресейлік әріптестермен ғарыш айлағын және Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жолға қойылды», – деп атап өтті облыс әкімі.
Сонымен қатар, Байқоңыр кешенін дамыту мақсатында көптеген жұмыстар ­ат­қарылды. Мысалы, ­тараптардың­ ­ын­­­­­­­­­­­­­­ты­­мақтастық Тұжырымдамасы қа­был­­­­­­­­­­­данды, үкіметаралық комиссия шең­­­­­­­­­­­­­бе­­­­рінде Үкіметтің қолдауымен проб­ле­­­­­­ма­­­­ларды шешудің нақты жолдары мен те­­­­­­тіктері анықталды, Төретам мен Ақай ау­­­мақтары және Байқоңыр қаласын да­­­­­­мы­­­­тудың бас жоспары бекітілді, сон­дай-ақ, қаланы ұзақ мерзімді да­мы­тудың бір­лес­­кен бағдарламасы қабылданды.
«Бірақ, белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру көздерін ­анық­­тау қажет, ал, Қызылорда облысы­ бюджетінің базалық шығындарында Бай­­қоңырды дамыту шығыны қарас­ты­рыл­ма­ған», – деді Қ.Көшербаев.
Осыған байланысты облыс бас­шы­лы­ғы «Байқоңыр» кешеніндегі ұзақ мер­зім­ді ынтымақтастық тұжырым­дама­­­сын­да, Байқоңыр қаласын да­мы­тудың бас жос­парында, Төретам және Ақай ір­гелес елді мекендерімен көзделген іс-ша­ра­ларды іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді ұсынды. Атап айтқанда, Бай­қоңыр қаласын, Төретам және Ақайды дамыту жөніндегі іс-шараларды жыл сайын «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алғаны үшін ҚР бюджетіне РФ төлейтін 20% баламалы көлемде қар­жы­ландыруды қамтамасыз ету. Бұдан басқа, «Байқоңыр» кешенінің экономикасын әртараптандыру мен бизнесті да­мыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан мен Ресей Үкі­меттері арасындағы «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру туралы жеке келісімге қол қоюға бастамашылық жасау.
Күн тәртібінің қорытынды бөлімі денсаулық сақтау мәселелеріне арналды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қа­зақ­стан Президенті Үкімет пен облыс әкімдігіне 2019-2022 жылдарға арналған Қы­зылорда облысының әлеуметтік – эко­номикалық дамуының кешенді жоспарын әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар берді.

12 ақпан 2019 ж. 635 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930