ЕЛІМІЗДЕГІ 9 МИЛЛИОН АДАМНЫҢ АТЫ БІРДЕЙ БОЛЫП ШЫҚТЫ
Бұл – еліміздегі есімдері бірдей азаматтардың саны. Қызық. Шынында, елімізде есімдері бірдей азаматтардың баршылық екені жасырын емес. Бірақ, осыншама көп деп ойламаппыз. Мемлекетімізде 18 миллионнан аса адам болса, соның тең жартысының аттары бірдей болып шығуы кімді де болса қызықтырары анық.
Бұл мәліметті “Қазақпарат” пен “Түркістан” газетінің сайтынан алып отырмыз.
“ҚазАқпаратта” “ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті елімізде аты, тегі және әкесінің аты бірдей қанша адамның тұратындығын есептеп шығарғанын хабарлаған. «2018 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, Қазақстан Республикасында аты, тегі және әкесінің аты толықтай сәйкес келетін 520 159 адам тұрады, олардың саны 1 534 815 резидентті құрайды», – деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлаған. Біріншісі аты, тегі және әкесінің аты сай келетіндердің жалпы санын, ал, екіншісі сондай адамдардың санын білдіреді.
Сонымен қатар, Комитет тегі мен аты бірдей адамдардың санын да жариялаған. Олардың саны елімізде 9 миллионнан асып жығылады. Бұл ретте аталған ведомство олардың кейбірінің әкелерінің аты жазылмағандығын атап өткен.
А.БЕК.