» » Денсаулық сақтау нысандарының 86% жаңартылды

Денсаулық сақтау нысандарының 86% жаңартылды



6 жыл ішінде апатты жағдайдағы ғимараттардың орнына 49 денсаулық сақтау нысаны салынды, қалған 8 нысанның құрылысын таяу екі жылдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халыққа есеп беру жиынында белгілі болды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Соңғы 5 жылда облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарының 63% жаңғыртылды.
2018 жылы Арал ауданының Бекбауыл ауылында, Қазалы ауданының Өркендеу ауылында және Сырдария ауданындағы Ақжарма ауылында 3 жаңа ауылдық амбулатория, сондай-ақ Арал және Қазалы аудандық орталық ауруханалары пайдалануға берілді.
Шиелі аудандық орталық ауруханасының құрылысы жақын арада аяқталады, сондай-ақ, Жалағаш аудандық ауруханасының құрылысы басталады.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпсалалы аурухана құрылысының жобасы әзірленуде. Жобаны облыс орталығының сол жақ жағалауында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жоспарлануда.



https://kyzylorda-news.kz
13 ақпан 2019 ж. 731 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30