Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін ҚР ІІМ-де министрдің жаңа кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі – баспасөз хатшысы таныстырылды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен осы лауазымға Ораз Нұрділдә Серікұлы тағайындалды.
Н.Ораз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, ІІМ Қарағанды академиясын, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы бойынша АҚШ-та (Калифорния, Флорида) білім алған. Мамандығы бойынша журналист, заңгер.
Н.Ораз бұдан бұрын «Қазақстан», «31 арна», «Астана» республикалық телеарналарында тілші, редактор болып жұмыс істеді, Астана қаласының ІІД баспасөз қызметінің бастығы, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, ҚР Бас прокуратурасы аппарат басшысының орынбасары және ресми өкілі, «ОРТ-Еуразия» телеарнасы директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
Министр Ерлан Тұрғымбаев жаңа тағайындалған кеңесшісі және ІІМ-нің ресми өкілі – Баспасөз хатшысына БАҚ-пен жұмысты үйлестіру мен ұйымдастыруда жемісті еңбек тіледі.
BAQ.KZ.