» » НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Кент орталығындағы №31 мектеп-гимназия ауласында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай жеміс ағаштары мен сыр талы көшеттері отырғызылды. Оған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, аудан ардагерлері, мемлекеттік қызметкерлер, жастар, аудан тұрғындары қатысты.

- Наурызда ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз осыдан қалған болуы керек. Сондай-ақ наурызда көзі ашылған бұлақтың суы сарқылмайды, ал егілген талдың саясы мен жемісі мол болады деп сенген. Сондықтан отырғызылған ағаш көшеттерін көздің қарашығындай сақтап, баптап-күту де ерекше маңызды, - деді аудан басшысы.
Бұл күні 100-ге жуық көшет отырғызылды.
Айта кетейік, биылғы жылы Жалағаш кентінің өзіне биыл 3000-ға тарта ағаш көшеттері, 4000-ға жуық қаламшалар отырғызылмақ.
22 наурыз 2019 ж. 1 128 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930