» » Қолайлы баспана – жайлы өмір кепілі

Қолайлы баспана – жайлы өмір кепілі

Аз қамтылған көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен "Болат Өтемұратов қорының" қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте 150 отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойылды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпбалалы және толық емес, табысы төмен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру туралы тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қызылорда облысы халқының әлеуметтік осал тобының тұрғын үй мәселесін шешудегі тәжірибесі ерекше аталды. Үкімет басшысы Сыр өңіріндегі оң тәжірибені басқа да аймақтарға енгізуді тапсырып, бизнес өкілдерін әлсіз топтағы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жобаларды жүзеге асы­руға үлес қосуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, аймақта өте нашар тұрғын үй жағдайындағы аз қамтылған мұқтаж көпбалалы отбасыларды анықтау мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша комиссия 150 отбасын анықтады.
– Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін Болат Өтемұратов қорының қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үйдің бір бөлігін салу туралы мәселені талқыладық. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен 50 отбасы және қалған 100 отбасы қор есебінен баспанамен қамтамасыз етіледі, – деді аймақ басшысы.
Күзгі салқын түскенше отбасылар жаңа үйлеріне қоныстанып үлгерулері үшін тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жос­парлануда. Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінеді.
– Өз тарапынан әкімдік осы уақытқа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар – электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай-ақ, әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді, – деп атап өтті облыс әкімі.
Бүгінгі күні аймақ бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 27 906 адамды құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша 14 074 адам кезекте тұр, олардың 2038-і көпбалалы отбасы болып табылады.­

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалып отыр. Соңғы 6 жылда облыс бойынша тұрғын үйді іске қосу көлемі 2,5 есеге артты. 2013 жылы 270 мың шаршы метр болса, 2018 жылы 700 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан салынды, 361 тұрғын үй пайдалануға берілді, 7709 қызылордалық жаңа баспаналы болды. Олардың қатарында апатты жағдайдағы үйлер мен жатақхана тұрғындары да бар екенін айта кеткен жөн.
Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасы бойынша 2017 жылы аймақта "ОРДА" аймақтық Жол картасы қабылданды. «ОРДА» бағдарламасы арнайы халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын 500 мың теңге кепілдік жарна арқылы бастапқы 20% жарнасыз тұрғын үйге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
2018 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй немесе 604 пәтер республика бойынша ең төмен бағамен пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, 2019 жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы бойынша жалпы саны 568 пәтерлік 14 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүруде. Биылғы жылдың сәуір айында 928 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге ыңғайлы болу үшін сол жағалаудың бір бөлігінде орналасатын болады.
"Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан бізге қосымша 3,6 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде, 470 пәтерлік тағы 10 үйді алу мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылы өңірімізде 1966 пәтерлік 45 көпқабатты тұрғын үй салынады. Олардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі", – деп атап өтті аймақ басшысы.
30 наурыз 2019 ж. 779 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930