» » 13 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

13 АДАМ ОПАТ БОЛДЫ

27 наурыз күні аудан территориясында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағы барша қазақ жұртының қабырғасын қайыстырды. Ақтаудан Шымкентке бет алған тікұшақ бортындағы 13 адамның барлығы қаза тапты. Марқұм болғандардың
12-сі­ Ақтаудағы 30153 әскери бөлімінде қызмет еткен.
ҚР Қорғаныс ми­нистрі, генерал-майор Н.Ермекбаев Ми-8 тікұшағы апатқа ұшы­раған жерге келіп, оқиға орнында жұмыс жасап жүрген мамандардың баяндамала­­­­­рын тыңдады. Қорғаныс ми­­­­нистрі авиациялық апат­тың себептері толық анық­тал­­­­­ғанға дейін бір типті тік­­­­ұшақ­тардың (Ми-8, Ми-17, Ми-171) ұшуларын тоқтатуды, сондай-ақ, «Алтын жебе» оқу-жаттығуы барысында осы тікұшақ типтерінің қол­да­­­­­­нылуын топшылайтын іс-қи­­­­­мылдарды тоқтатуды, авиа­­­­­­­­­­­­­­­циялық апатты жан-жақ­­­­ты әрі дәйекті тергеп-тек­­­­­­­­­­­­­се­­руді ұйымдастыру мен өт­­­­­­­­­­­кі­зуді, ұшуды қамтамасыз етуге қатысқан барлық қыз­мет­­­­­­­­­тер мен лауазымды адам­дардың іс-қимылдарына баға беруді, авиациялық апатқа әкеп соқтырған барлық жағ­­­­дай­­­­ды анықтауды тапсырды. Мұнан бөлек, ауа райының қауіпті құбылысына тап бол­ған жағдайда әрекет ету тәр­­тібі бойынша ұшу және ин­же­нерлік-техникалық құ­­­рам­мен қосымша тренаж­ ұйым­­­­­­­дас­тыру қажеттігін ес­керт­ті.
Біз де оқиға орнына арнайы барып, куәгерлермен тілдескен едік. Ал, апат болған жерге БАҚ өкілдерін арнайы жасақталған күзет тобы кіргізбеді. Шамамен 2,5-3 сағаттай уақыт ішінде оқиға орнына экипаж мүшелерінің туысқандары да келіп жетті. Бірақ, оларға да ол жерге бару мүмкін болмады. Ал, жергілікті тұрғындардың бірі кешкілік бір жарылған дауысты естігенін айтады. Артынша апат болған жерге ТЖД көліктері келіп жеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, ем жүргізілген нау­қастар жоқ. Бортта болған адам­дардың бәрі қаза тапқан.
Бұл қаза барша қазақ жұртына оңай тиген жоқ. Ел тыныштығын күзетіп жүрген оннан астам оғлан опат болды. Қайғылы оқиғаға қатысты Мемлекет басшысы да, Елбасы да көңіл-қосын білдірді. Редакция ұжымының атынан біз де марқұм болғандардың туған-туыстарына, барша ­қа­зақ­ жұртына қайғырып, көңіл айтамыз.

«ЖЖ» ақпарат.

30 наурыз 2019 ж. 591 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930