» » БАСТАҒАН ІС АЯҚСЫЗ ҚАЛМАПТЫ

БАСТАҒАН ІС АЯҚСЫЗ ҚАЛМАПТЫ

Өткен жылы Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжіне барғанымызда білім ошағының жылыжай ашуға қам жасап жатқанына куә болған едік. Қайтарымсыз грантпен іс бастаған олардың бұл дүниесі жүзеге аса ма деген сұрақ та болды. Себебі, жылыжай көлемі де кіші емес еді. Кейін араға 1 ай салып, оның жұмысымен танысуға барғанымызда қос қапталға жайғасқан көкөніс түгел көктеп тұр екен. Мұнда егінге ептілігі басым тек кәнігі мамандар жұмылдырылған. Былтыр мол өнімге қол жеткізген колледж ұжымы биыл да бұл бастаманы аяқсыз қалдырмапты. Аудандық сот төрағасы мен студенттер арасындағы кездесуге барғанда колледж басшысы Ғани Серікбаевтан жылыжай жайын сұраған едім. Ағамыз бізді бірден игі істің басына алып барды.
Былтыр қызанақ пен қияр қос қапталға жайғасқан жылыжай ішінде биыл тек қияр егіліпті. Себебі, осы салада 15 жылдан астам тәжірибесі бар маман Ермек Серәлиевтің айтуынша, қызанақ пен қиярды бір жылыжайға орналастыру шыққан өнімнің сапалы болуы­на зиян келтіреді екен. Бұл тәжірибеде бар тәсіл. Өткен жылы мұнан бөлек түрлі гүлдерді өсіру жұмыстары да осында қарқынды жүрген, биыл да жалғасы бар. Жылыжай ішіндегі қиярдың түйнек алып тұрғанын көріп, мұндағы маманның «топырағын жақында ғана ауыстырдық» деген сөзіне күмәнмен қарадым. Бұған тәжірибелі өндірістік оқу шеберінің дәлелі де жоқ емес.
Мұнда қиярдың тез бас алып жатқаны күтімі жоғары деңгейде жүріп жатқанынан екен. Оның үстіне сыртқы қаптама күннің көзінен жылу тартып, оны сыртқа шығармайды. Ермек­ Сералиевтің айуынша, бұл өз кезегінде көкөністің жылдам сабақ алып, өркен жаюына оң әсерін тигізеді. Тәжірибелі маман бұл бір жағынан іштегі оқу­шылардың да ширауына үлкен көмек болғанын айтады.
– Жарты ғасырдан астам тарихы бар білім ошағында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келемін. Өткен жылдан бері жылыжай ісін қолға алғалы мұнда өзім жауапты маман ретінде бекітілдім. Былтырғы жұмысым жемісін берді. Қызанақ пен қиярдан мол өнім алдық. Биыл да шығысы жаман емес. Бұл жылыжай тек табыс көзі ғана емес, мұндағы жастардың тәжірибе шыңдауына да қолғабыс болып отыр. Өзім жылыжайда жұмыс жасайтын уақытта шәкірттерімді алып келіп, қай көкөністің күтімі қалай болатынын жетік үйретемін. Олардың да бұл салаға қызығушылығы басым. Алдағы уақытта жастардың ішінен кәсіпке бет бұрып жатқандары болса, бұл үлкен дәріс болады, – дейді Ермек Серәлиев.
Былтырдан бері білім ошағы жанынан тағы да «Жеміс, көкөніс өсіруші» мамандығы ашылған еді. Бұл игі бас­та­ма қолға алынғаны сол еді, жаңа мамандықты таңдаушылардың қатары қалыңдай түсті. Жас ізденімпаздарды әңгімеге тартқанымызда олардың да біраз тәжірибе жинағанын аңғардық. Мәселен, мұндағы жастар барлық көкөністің күтімі қалай болатынын әлден жетік меңгерген.
Бұйыртса, колледж жанындағы жылыжайдан дәм татар күн де алыс емес. Қазірдің өзінде 1-1,5 елідей көлемі бар қияр түйнегі әрі кетсе 3-4 аптада жемісін береді. Игі бастама келер жылы да жалғасын табады деп сенеміз.
Аудан әкімі осыдан бір жыл бұрын барлық ауылдық елді мекенде кем дегенде 1 жылыжайдан ашу жұмыстарын қолға алуды тапсырған еді. Бұл идеяны жүзеге асырамын деген кез келген ауыл әкімі немесе кәсіпкер болса, аудандық колледждің тәжірибесіне сүйенуге болады. Бұл жұмыс аса шығынды да қажет етпейді. Мәселен, білім ошағы қолға алған жылыжайдың барлық материалы­ қарапайым қолданыстағы құрылыс заттары. Қияр отырғызылған үлкен астау­­шалар да қарапайым тақтайдан құ­рас­ты­рылған. Көкөністер суды да көп қажет етпейді. Мұндағы мамандар қиярды екі күнде бір тамшылатып суару әдісі арқылы тұтынушы талабына сай өнім шығаруда.
Жалпы, тізе берсек, колледж ұжы­­­­м­­­­­­­ының ұйымшылдықпен жүзеге асыр­­ған игі жұмыстары көп. Бір қуа­ныш­тысы, олардың басым бөлігі таби­ғатқа жанашырлық таныту мақса­тын­да қолға алынған жоба. Осыдан бір­­ша­ма уақыт бұрын аймақ басшысы барлық оқу орнының ауласына не­ғұр­лым жеміс ағаштарын егуді ширату қажеттігін айтқан еді. Бұл тапсырма берілмес бұрын аграрлық колледж қам жасаған сыңайлы. Оқу орнының айналасындағы бос жатқан жердің бәрі қалыпқа келтіріліп, жеміс ағаштары орналастырылған. Бұйыртса, олар да 2-3 жылда жеміс берері анық.

К.ҚАЙРАҚБАЙ.

06 сәуір 2019 ж. 576 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930