Маусым айынан бастап Қазақстандағы барлық дәріханада дәрі-дәрмек бірдей бағада сатылады
Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ брифингінде биылғы жылдың маусымынан бастап еліміздегі барлық дәріханада дәрі-дәрмектердің бөлшектік бағасы бірдей болатынын мәлімдеді. Сонымен қатар дәрілердің бағасы денсаулық сақтау министрлігінің сайтында көрсетілетін болады, деп хабарлайды Stan.kz.
«Шамамен, мамыр айында бағалар күшіне енеді. Онда да шектік бағалар көрсетілетін болады. Шамамен маусым айында дәрілерді бөлшек саудада өткізетін нысандардың бәрінен бірдей бағаларды көре аламыз», - дейді Бюрабекова.
Stan.kz.