» » ТАТУ КӨРШІ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА НЕГІЗ САЛАДЫ

ТАТУ КӨРШІ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА НЕГІЗ САЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі. Сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат МиРзиёев­ жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді. Журналистер алдында сөз алған Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Өзбекстан Республикасына жасаған мемлекеттік сапары осы елдегі Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келгенін атап өтіп, бұл оқиғалар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың нығаюына септігін тигізетініне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттер­ арасындағы қарым-қатынастардың ны­ғаюы мен дамуы жолындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат­ Мирзиёевтің рөліне ерекше тоқ­талды.
– Олар Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастық тарихының жаңа парағын ашып, біздің байланыстарымызды жаңа әрі сапалы деңгейге шығарды. Қазақстан бас­­шысы ретінде мен Елбасы саясатының са­бақтастығын қамтамасыз етіп, Қа­зақ­стан­-Өзбекстан қатынастарының жан-жақ­ты дамуын жалғастыра беремін. Бұ­ған дәлел ретінде бүгін біз қол қойған негізгі же­тістіктеріміз бен ынтымақтастық көк­жиегінің келешегі қамтылған Прези­дент­тердің Бірлескен мәлімдемесін айтуға болады, – деді Мемлекет басшысы.
Екі елдің сауда-экономикалық ынтымақ­тастығындағы жоғары деңгейді айта келіп, Қазақстан Президенті осы жоғары көр­сет­кіштерді одан әрі қолдау үшін бірқатар ша­ра қабылданатынын жеткізді.
– Жаңа мүмкіндіктер іздеп, тауар номенклатурасын кеңейту қажеттігі туралы айтылды. 2020 жылдың соңына қарай өзара тауар айналымын 5 миллиард долларға дейін жеткізу – біздің негізгі мақсатымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Өндірістік кооперациялардың дамуы бойынша, Мемлекет басшысы бизнес­ке жа­салған жағдайдың нәтижесінде екі ел­дің бірлескен кәсіпорындарының саны арт­қа­нын­ атап өтті.
– Мұндай ынтымақтастықтың мысалы ретінде Қазақстандағы бірлескен жеңіл автомобиль, жүк көлігі және басқа техникаларды құрау жобаларын айтуға болады. Аталған салалардың біздің экономикаларымыз үшін маңызы зор болғандықтан, осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыра береміз, – деді Мемлекет­ басшысы.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр жыл соңында өткен Өңіраралық ынтымақтастық форумының сәтті өткенін атап, бұндай кездесулердің екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.
– Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығын құру мәселесі ерекше қаралды. Бұл жобаны жүзеге асыру шекаралық аймақтағы сауданы реттеп, бақылау-өткізу инфрақұрылымын жақсартуға, сондай-ақ, Орталық Азияда ірі сауда-логистикалық хаб құруға мүмкіндік береді – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан басқа Қазақстан Президенті отын және су-энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, экспорт-импорттық, транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық, мәдени-гуманитарлық және жастар байланысын кеңейту мәселелеріне тоқталды.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздердің нәтижелеріне қанағаттанатынын білдіріп, қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын дәстүрлі достық, сенім және тату көршілік ынтымақтастықта дамытатынын айтты.
Шавкат Мирзиёев өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен ашық әрі толық өзара түсіністік рухында өткен келіссөздерге жоғары баға берді. Соның барысында тараптар қарым-қатынасты дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарының ортақ екенін растап, күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылады, сондай-ақ, жаңа сынақтар мен қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қарсы тұру жөніндегі бірлескен шараларды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
– Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарын нығайтуға және жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге баға жетпес үлес қосқаны үшін қазақ халқының біртуар перзенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, менің ағам, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтқым келеді. Қазақстанның мемлекеттігін нығайтудағы, берік азаматтық қоғам қалыптастырудағы, заманауи және бәсекеге қабілетті экономика құрудағы, халықаралық аренадағы ел беделін арттырудағы зор жетістіктер оның есімімен тікелей байланысты, – деді Өзбекстан Президенті.
Сонымен қатар, Шавкат Мирзиёев сапар барысында қол жеткізілген уағдалас­тықтарды іске асыру үшін Жол картасы бекі­тілетінін айтты.
16 сәуір 2019 ж. 721 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 781

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031