» » Қызылордалық кәсіпкер түйе сүтінен балмұздақ шығаруда

Қызылордалық кәсіпкер түйе сүтінен балмұздақ шығаруда


Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық кәсіпкер түйе сүтінен балмұздақ шығарады.

Бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған кәсіпкерліктің бірі – Шиелі ауданындағы «Ару-ана» шұбат өндіру цехы. Төрт жыл бұрын 400 литр шұбат шығарудан бастаған кәсіпкерліктің бүгінде қанаты кеңге жайылған.

«Ұлттық сусынды қызылордалықтар алыстан арбаламайды, өніміміз қолжетімді. Негізінен шұбат өндіреміз. Бұдан бөлек, сұраныс болғасын сиыр сүтін де шығарып жатырмыз. Қазірді таңда цехта бір тонна шұбат, сиыр сүті әзірленеді. Сонымен қатар, сиыр сүтінен айран, йогурт, құрт, сүзбе дайындалады. Шикізат Балаби елді мекені мен «Шиелі төрт түлігі» ауыл шаруашылығы кооперативінен алынады», - деді шаруасы дөңгеленген кәсіптің иесі Сабыр Ермаханов.
Кәсіпкер былтырдан бастап балмұздақ жасап шығаруда. Ол түйе сүтінен әзірленеді. Цехтың технолог маманы Баян Дүйсенбекованың айтуынша, күн сайын 1000 балмұздақ дайындалып, сатылымға жіберілуде. Алайда Шиелі ауданы үшін бұл аздық етеді.

«Облыстағы кәсіпкерлер палатасына балмұздақ өндірісінің қуаттылығын арттыру бойынша бизнес-жоспар ұсынылды. Алдағы уақытта жоба мақұлданса, аймақтың барлық ауданына қолжетімді болмақ», - деді Баян Сабырқызы.

Сонымен қатар, технолог маман «Ару-ана» цехында сарысу, сүзбе-ірімшік (брынза) өнімдерін өндіру жолға қойыла бастағанын жеткізді.

«Біздің жұмыс алдымен түйе сүтін тексеруден басталады. Арнайы аппараттың көмегімен сүттің майлылығы, тығыздығы, ақуыз мөлшері анықталады. Сосын тексерістің екінші кезеңіне өтеміз. Ол жоғары градуста қайнату арқылы белгілі болады. Кейін 92 градуста пастерлендіру жасалады. Бұдан соң жұмыс салқындату, ұйыту, қайта салқындату сияқты бірнеше процестен өтеді. Осылайша, дайын болған өнімді құтыға құю барысы жүргізіледі. Ал, жарамдылық мерзімі қазіргі кезде 1 жылға ұзарды. Бұған дейін 2-5 ай көлемінде жарамды болатын. Былтыр Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті мамандарымен бірлесе отырып, шұбат өніміне арналған ұйытқы шығардық. Шұбат сусыны қазір шетелдің емес өзіміздің ұйытқы арқылы әзірленуде. Бүгінде цехтан шығарылатын өнім облыстың барлық аумағын қамтып отыр. Алдағы уақытта Алматы қаласына шығару жоспарлануда», - деді технолог маман Баян Дүйсенбекова.
 
 
Фото: ашық дереккөз
BAQ.KZ
24 сәуір 2019 ж. 945 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930