» » ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз ететін аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырыстары аудан әкімі, аудан әкімдігі жанындағы жастар істері кеңесінің төрағасы Қайратбек Сәрсенбаевтың төрағалығымен ай сайын өткізілуде.
Бүгінгі жастар мәселелерін қарастыруға арналған кезекті кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, тегін кәсіптік – техникалық білім беруді жүзеге асыру барысы және студенттер арасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Жаңадария, Аламесек ауылдық округтеріндегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарламалар жасалды.
Баяндамашыларға сұрақ қойылып, кеңес отырысы хаттамаланып, аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев тиісті кент және ауылдық округ әкімдеріне, бөлім, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
- Біз өзіміздің тарапымыздан аудан жастары үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, жастар ресурстық орталығы жанынан коворкинг орталығын ашуға қолдау көрсеттік. Ендігі кезек жастардың осында білім алуына, спортпен шұғылдануына, тұлғалық қалыптасуына жұмыс жасау қажет. Сол себепті осында қатысып отырған кеңес мүшелерін, кент және ауылдық округ әкімдерін, бөлім және мекеме басшыларын, жастар мамандарын жастар болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырамын, - деді аудан басшысы жастар кеңесінің қорытынды сөзінде.
29 сәуір 2019 ж. 714 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930